Оқушылардың өзін-өзі басқаруын құру әдістемесі
Өзін-өзі басқару – өз ісінің мақсатын өзі белгілеу, өзі жоспарлау, өзі
ұйымдастыру, өзін-өзі тексеру, түзету, өз жұмысын өзі талдау. Мұндағы негізгі
қағида:
«Өмір маған не береді емес, өмірге мен не беремін, қандай үлес
қосамын»
деп, өз-өзін мектеп жасынан бастап дайындау. Ұжымдағы өзін-өзі
басқару жұмыстарының мектеп жасынан бастап, қол жеткен табыстары: қоғам
алдындағы жауапкершілік пен парызды, достық пен жолдастықты,
мейірбандылық пен қайырымдылықты, қарапайымдылық пен сыпайылықты,
өзінің орнын білуі, өзін-өзі қадірлеуі, өзіне талап қоя білуі, алдына қойған
мақсатқа жетуі үшін еңбекқор бола алатындай жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сыныптағы өзін-өзі басқару жүйесі 51-суретте ашылды.
160
Достарыңызбен бөлісу: |