Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет198/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Оқушылардың
психикасындағы 
өзгерістер
(ашуланшақ, ызақор, тұйық)
Агрессиялық 
әрекет
Құқыққа қарсы әрекет 
(құқық бұзушылық және 
қылмыс жасау)
Жасөспірімдердің
өз-өзіне қол салуы
Есірткі қабылдау 
және есірткіге тәуелділік
Спирттік ішімдікті
пайдалану және
әуестену


178
1. Қоғамда болып жатқан процестер:
қоғамдық құндылықтың 
иерархиялы өзгеруі; мемлекеттік идеологияның болмауы; қылмысты жазалауда 
заңның дұрыстығы; құқық қорғау қызметкерлерінің өз жұмысына 
жауапкершілік алуы; жұмыссыздық (ашық және жабық); отбасында әлеуметтік 
қолдау мен жәрдемақының дұрыс қарастырылмауы; ақпарат көздері арқылы 
қаталдық және зорлық туралы көп насихат жасалуы; баланы дене және 
психикалық жағынан түзетуге және көмек көрсетуге қажетті мекемелердің 
аздығы; ақысыз сапалы үйірмелердің және қосымша білім алу көздерінің 
қарастырылмауы, керісінше ішкілік пен темекіні жарнамалау және оны сатып 
алу оңайлығын сөз етуге болады. 
2. Отбасы жағдайы және оның ахуалы бүтін емес отбасы. 
Отбасының 
материалды жағдайы (кедейлік және байлық), ата-ананың төменгі әлеуметтік-
мәдени деңгейі, отбасында тәрбие стилінің болмауы (ата-ана қаталдығы, балаға 
жүйелі талаптың қойылмауы, жазалаудың әділ болмауы); балада өзіндік 
құндылықтың болмауы; баланың мүмкіндік қажеттілігін өтеуде асыра 
сілтеушілік немесе жеткізбей бағалау; ата-ананың ішімдік пен нашақорлыққа 
құмарлық танытып пайдалануы; ата-ананың шектен тыс мейірімінен балаға 
психологиялық белсенділік туғызатын заттарды пайдалануға шек қойылмауы.
Жалпы әр бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, 
өсуі қажет. Сонда балада жағымды «Мен» бейнесі қалыптасады, өзіне деген 
сенімділігі туады. Мұндай «Мен» бейнесі кез келген баланың жақсы жағдайда 
нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді. 
Қазіргі кезеңде тәртіп бұзушылықтың алдын алуға байланысты туындаған 
мәселенің бәріне шешім табу, балалардың әр жас деңгейіндегі психикалық даму 
мүмкіндіктерін анықтау, белгілеу және девианттық мінез-құлықты балаларға
психологиялық-педагогикалық қолдауды дер кезінде көрсету әр сынып 
жетекшісінің және мектеп психологының міндеті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет