Табысқа жетуді құру әдістемесі Бүгінгі нарықтық заманда қоғамды ізгілікті адамгершілік тұрғыдан
жаңартудың әлеуметтік-экономикалық міндеттерін жүзеге асыра алатын жаңа
тұрпатты, бәсекеге қабілетті, кәсіпкер тұлға тәрбиелеудің ғылыми-әдіснамалық
негіздерін жасаудың қажеттігі алға қойылып отыр.
Табысқа жетуде кәсіпкер тұлғаны тәрбиелеу бала мен ата-ана және сынып
жетекшісінің өзара қарым-қатынасына құрылатын болғандықтан, олардың
өзара әрекеттесуі қазіргі әлеуметтік (нарықтық) ортада іске асырылады.
Әрбір адам материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етіп,
ғұмырын өткізеді. Жеке тұлға өзіне тән мінез-құлқымен, қарым-қабілетімен,
іс-әрекетімен, көзқарасындағы ерекшеліктерімен дараланып көрінеді. Ендеше,
175
дара тұлғаның өзіндік ерекшелігін әрқашан да «қоғамдық қатынастардың
бірлігінде қарастыру керек» (К.Маркс).