18
қабілеті, өзін-өзі ұйымдастыру қабілеті, өзін-өзі белсендіру қабілеті, өзін-өзі
сендіре алу қабілеті, өз бетінше іс-әрекет жасай алу қабілеті, өзін-өзі бақылау,
өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру.
Өзін-өзі жетілдіру – бұл мотивацияланған, дербес процесс және өзін-өзі
тану, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі анықтау,
өзін-өзі басқару
процестерімен тығыз байланысты. Оның негізіне тұлғаның өзін-өзі өзгерту,
өзін-өзі жетілдіру мақсат бағыттылығын түсінуі жатады.
Өзін-өзі жетілдірудің қажетті шарттары – басты мәселені қоя алу және
басым бағыттағы бірінші мәселені ұтымды шеше алу. Осыған сәйкес уақыт
талабына сай келетін мәселені таба алу керек, сондай-ақ, оның басым
бағыттарын дұрыс анықтау қажет. Бұл үшін тәрбиешіге өзінің ішкі әлеуетін
толық жетілдіруге мүмкіндік беретін мақсатты дұрыс анықтап алу қажеттілігі
туады.
Тәрбиешінің кәсіби өзін-өзі дамыту мотивациясына психологиялық талдау
инновациялық іс-әрекетке талдау жасаудан бастау алады. Тәрбиешінің кәсіби
өзін-өзі дамытуын ояту негізінде
тәрбиешінің қажеттілігі, қызығушылығы,
әртүрлі бағыттағы танымдық өзгеріс сапалары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: