217
жүргізуде дайындауға бағытталған, ғылыми дәлелденген қызметтердің әдістері,
түрлері, үлгілер жиынтығы енгізілген, педагогикалық процестегі субъект
қарым-қатынас негізінде саламатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әрекет
әдістеріне қосымша ретті мақсатты жүйе.
Педагогикалық саламаттанудың бағыттары 72-суретте ашылды.
Сурет-72. Педагогикалық саламаттанудың бағыттары
Саламатты өмір салтын үздіксіз қалыптастыру ұлттық білім беру жүйесі
үлгісінің құрылымына сәйкес жүзеге асырылады.
Еңбек күн тәртібі мен демалысты ұйымдастыру әдістемесі
Дені сау, ішкі жан дүниесі мен сыртқы дене бітімі қатар дамыған өскелең
ұрпақты тәрбиелеу үшін саламатты өмір салтын қалыптастырудағы еңбек күн
тәртібі кестесінің (режим) гигиеналық тұстары жақсы ойластырылуы қажет.
Еңбек күн тәртiбі дегеніміз – бұл қызмет және демалыстың барлық
түрлерiне тиiмдi уақытты реттеудің бір түрі.
Мектептегі еңбек күн тәртiбiнiң негiзгi элементтерiне жататындар:
жеке таңдау бойынша жаттығу сабақтары;
тамақтың құнарлы болуы;
көңілді демалыс;
тыныш ұйқы;
еркiн қызмет және т.б.
73-суретте күн тәртібінің құрамдас бөліктері ашылды.
Достарыңызбен бөлісу: