Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Ішімдікке қарсы үгіт жүргізу және нашақорлықтың алдын алу



Pdf көрінісі
бет245/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Ішімдікке қарсы үгіт жүргізу және нашақорлықтың алдын алу 
әдістемесі 
Жас ұрпақтың саламатты өмір салтын ұстанып, дені сау, рухы жоғары 
болуы – бұл қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі. Егеменді еліміздің өмір 
жайлы мәселелері жан-жақты және терең болғандықтан, оны шешу тек дені сау, 
шыныққан жеке тұлғалардың қолынан келеді. Олай болса, денсаулық – байлық 
қана емес, ол адам бақытының бастауы, тіршілік көзі. Ал денсаулықтың жауы – 
ішімдік, нашақорлық, темекі. 
Ішімдік
– химиялық қоспа, ағзаға түскеннен кейін жүйке жүйесіне әсер 
етеді. Алдымен көңілді сияқты болып көрінеді, кейіннен өзін-өзі басқара 
алмайды. Ішімдік – адамды адамдықтан айыратын зат.
Ішімдік ішу де есірткі қолдану сияқты зиянды. Ішімдіктер әртүрлі
жеміс-жидектер, тұқымдардың ашытқысынан жасалынады. 
Ішімдіктің адам өміріне кері әсерлері:

асқазанның ішкі қабатын күйдіріп, гастрит және асқазан жарасы сияқты 
ауруларға жол ашады; 

жүрек және тері тамырларын кеңейтеді. Жүректің соғуын нашарлатады, 
қан айналымын бұзады, тамырлардың қатаюына, қан қысымының артуына, сал 
ауруына және өлімге әкеліп соғады; 

бауыр жасушыларының майланып кетуіне, қабынуына, ісіп кетуіне 
себеп болады; 

бүйрек қызметін бұзады, уақыт өте келе жұмыс істеуін тоқтатады
және т.б. 
Сондықтан мектепте үнемі ішімдікке қарсы үгіт жүргізу іс-шаралары 
көптеп жүргізілуі қажет. 


220
Нашақорлық 
– бұл есірткі заттарды қолдану нәтижесінде пайда болатын 
ауру. Нашақорлық есірткі заттарды үнемі, әрі барған сайын үлкен мөлшерде 
қабылдауға құмартумен сипатталады. Есірткі қабылдамаған кезде адамның 
бүкіл денесі ауырып, тырысады, шөлдейді және т.б. белгілер пайда болады. 
Мұндай күйді сыну деп атайды, ол білінбей, біртіндеп, бірақ барған сайын үдей 
түседі, ағза есірткіні талап етеді. Бұл күйде нашақор кез келген қылмысқа 
барады, алдау, ұрлау, қорлау, сонымен қатар есірткі заттарды тауып, мас күйге 
қайта түсуге ұмтылады. Тәуелділіктен шығуға деген шынайы тілегі 
болғанымен, ішкі сезімді жеңу өте қиынға соғады. Қазір есірткі бизнесі 
дүниежүзін жаулап келеді. Қазақстанда нашақорлықтың алдын алуға және 
есірткі бизнесімен күрес жүргізуге бағытталған заң бар.
Нашақорлықтың алдын алу үшін тәрбиеленушілерде төмендегідей есірткі 
затқа теріс көзқарасты қалыптастыру керек: 

нашақорларды зейінсіз қалдырмау; 

оларды бақылауға алу; 

емделуге бет бұрғызу; 

күресу; 

психологиялық бейімдеу. 
Есірткі бірінші кезекте темекі, ішімдік сияқты ең алдымен миды 
зақымдайды. Сондықтан да оған бірте-бірте үлкен мөлшер керек болады. 
Осылайша, адам төменде берілгендер арқылы өз миының зақымдалуын 
байқайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет