Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет243/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Психологиялық, 
педагогикалық, 
медициналық, 
қызметтер
Балалар 
денсаулығын 
сауықтыру 
орталықтары 
және 
денсаулық 
мектептері
Кешенді 
сауықтыру 
бағдарламалары
Саламаттанулық 
білім беру 
бағдарламаларын, 
оқу-әдістемелік 
кешендерін әзірлеу 
және оларды
іс-тәжірибеге 
ендіру


218
Сурет-73. Күн тәртібінің құрамдас бөліктері 
 
Еңбек күн тәртібімен қоса, демалысты дұрыс ұйымдастыру да бар. Бұл 
әркім үшін әртүрлі сипатта болады. Біреулер толыққанды тыныштықты, енді 
біреулер еркіндікті, тағы біреулер өздері сүйетін іспен айналысуды, саяхат 
жасауды, отбасымен аптасына бір рет табиғат аясына шығуды, би кештеріне 
қатысуды қалайды. Күнделікті бір мәрте дене шынықтыру, ұйықтап алу, серуен 
құру және т.б. қысқа мерзімді демалыс жасауды әдетке айналдыру қажет. 
Басқалармен қарым-қатынаста, отбасында, мектепте, табиғат аясында, мәдени 
орындарда да демалу үлгісін қалыптастыруға болады. 
Оқушыларды белгіленген күн тәртібі жоспарын ұстануға үйретуді өте ерте 
кезден бастап баули бастаған дұрыс. Өйткені, ерте кезден бойына сіңіп, 
қалыптасып қалған тәртіптілікті, еңбекке деген ынтызарлық пен дұрыс демала 
білу ережелерін ер жете бастаған бала әрдайым сақтауға тырысады. 
Оқушылардың қатты шаршауына жол бермеу, барлық жастағы бала 
тәрбиесінің негізгі міндеті болып табылады. Сондықтан, оқушылардың күн 
тәртібі кестесін дұрыс құрудың басты мақсаты – оқушы денсаулығын 
нығайтып, ауруға мейлінше жол бермеу. 
Олай болса, оқушының денсаулығын анықтайтын ең маңызды фактор – 
өмір салты, яғни еңбек және демалыс тәртібі, қозғалыс мәдениеті, дене және 
ойлау белсенділігі, тамақтануы, шынығуы, қарым-қатынас және тілдесу 
мәдениеті және т.б. Оқушының өмір салты балалық шақтан қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет