Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет264/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

 
 
 
 
 
 
Сурет-79. Кәсіптік бағдар және мамандық тандау жұмысының 
кезеңдері 
 
Кәсіптік бағдарды ұйымдастыру орындарында жүргізілетін жұмыстардың 
негізгі формасының бірі – 
кәсіби хабар және кәсіби насихат жұмысы. 
І-ІV сыныптарда жүргізілетін
кәсіптік бағдар
 
Екінші
кезең
 
V-VІІ сыныптарда жүргізілетін
кәсіптік бағдар
 
Үшінші
кезең
 
VІІІ сыныпта жүргізілетін
кәсіптік бағдар
 
Төртінші
кезең
X-XІ сыныптарда жүргізілетін
кәсіптік бағдар
 
Бірінші
кезең
 


236
Бұл жұмыс мектептерде сабақ кезінде, экскурсия, әңгіме және кәсіптік 
бағдар кешін өткізгенде жүргізіледі. Кәсіпорындар мен мекемелер мектепке 
нақтылы материалдармен көмектеседі: кәсіпорындарының жағдайын көрсететін 
құжат, стенд, альбом, фотосурет, еңбек озаттарының үлгілі табысын 
баяндайтын жарнамалар және т.б. Өнеркәсіптің даму тарихы және дәстүрімен 
таныстыру мақсатында экскурсия, мамандық таңдау күнін және т.б. кездесулер
ұйымдастырады.
Кәсіби насихат жұмысын кәсіптік бағдар жұмысын ұйымдастыратын 
жүйелер жүргізеді. Олардың өздеріне тән ұйымдастыру ерекшеліктері бар. Бұл 
жұмыс радио, теледидар, компьютерлік желілер, баспасөз құралдары және т.б. 
арқылы да жүзеге асады.
 
Кәсіптік бағдар тек мектептегі тәрбиеленушілер арасында ғана емес, 
көпшілікпен де жүргізілетін жұмыс. Оның қажеттілігі: 

біріншіден, жұмыс істеп жүрген ересек адамдар (тәрбиеленушілердің 
ата-аналары). Демек, мамандық таңдаудағы көзқарасы қоғам талабына сай 
келуі шарт;
 

екіншіден, үнемі болып тұратын объективті жағдайдың салдарынан 
көптеген адамдар жұмыс орнын өзгертеді, қоныс аударады. 
 
Кәсіптік бағдар беруге сәйкес жүйелілік тәсілдің әдіснамалық 
принциптері: 
- кәсіптік бағдардың әрекеттерін кіріктіру;
 
- нақтылық;
 
- оңтайлылық пен тиімділік;
 
- кешенділік;
 
- ғылымилық;
 
- кері байланыс;
 
- жүйелілік;
 
- иерархиялық.
 
Кәсіптік хабарлама жасау – әртүрлі мамандық пен мамандық иелері 
(мамандар) туралы хабар беру болып табылады.
 
Хабарлама жасаудың мақсаты – тәрбиеленушілердің еңбек туралы білімін 
тереңдету мен кеңейту болып есептеледі. 
 
Кәсіптік хабарлама жасауды мектептегі сабақ пен сыныптан тыс жұмыс 
түрлерінің ұйымдастырылу көлеміне байланысты жүргізу тиімді болады. 
Мысалы: сабақта белгілі бір өндірістің ғылыми негізін үйретуге байланысты 
сол кәсіптегі мамандық жөнінде хабарлама ұйымдастырады. Бұл жұмыс шағын 
көлемді қысқаша түрде, яғни сабақты өмірмен байланыстыру бағытында да іске 
асырылады.

Сонымен, жалпы орта білім беретін мектептегі тәрбиеленушілерге кәсіптік 
бағдар беру жүйесі 80-суретте ашылды. 
Кәсіптік бағдар беру жүйесі: 
Кәсіптік диагностика 
– тәрбиеленушінің жеке басының дербес қабілетін 
анықтау үшін жүргізілетін зерттеу жұмысы: бақылау, тест, ауызша, жазбаша 
сұрақтарға жауап алу, сауалнама, эксперимент, шығарма жаздыру, 
тәрбиеленушілердің шығармашылық жұмысын талдау. 


237
Кәсіптік бағдар 
– тәрбиеленушілерді мамандық түрлерімен таныстыру 
жұмыстары. Тәрбиеленушілердің жеке қасиеттерінің мамандық талабына 
сәйкес 
келуі: 
кәсіптік 
ақпарат, 
кәсіптік 
үгіт, 
кәсіптік 
насихат. 
Тәрбиеленушілердің жеке қасиеттерін, мүмкіндіктерін дамыту. 
Кәсіптік консультация 
– тәрбиеленушінің өзінің мамандығын анықтауда
жан-жақты зерттеп, тиісті көмек көрсету кезеңдері:
 
1)
дайындық кезеңі – кеңес беру. Мектеп жылдарында жүргізіледі; 
2)
кәсіптік аяқтау – консультация. ІХ-ХІ сыныптағы тәрбиеленушілермен 
маман-консультант мұғалімдер өткізеді, тәрбиеленушілердің мамандыққа 
бейімділігі анықталады; 
3)
кәсіптік анықтау өндірісте, оқу орындарында өткізіледі. Болашақ 
мамандықтың жұмысымен тікелей танысу: әңгіме, дәрігердің кеңесі, жалпы 
кеңес.
 
Кәсіптік адаптация 
– тәрбиеленушінің кәсіби еңбек ету жағдайына 
бейімделуі: сауалнама алу, бақылау, мамандыққа талдау жасау. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет