238
психологиясын және жас ерекшеліктерін ескере отырып, оның даму сатыларын
анықтауға мүмкіндік береді.
Мамандық таңдау сатылары:
а) ізденіске бағыттаушылық (І-IV сыныптар);
ә) субъективті құндылықтарға сүйену (V-VIII сыныптар);
б) әлеуметтік негізде (ІХ-ХІ сыныптар).
Тәрбиеленушілерде кәсіби таңдаудың қалыптасу негізі кәсіби шарттардың
орындалуы болып
саналады
.
Ол шарттарға төмендегілер жатады:
таңдаған мамандықтың елдің кәсіби мұқтаждықтарына сай келуі;
таңдаған кәсіптің тәрбиленушінің ынтасына сәйкес келуі;
түлектердің өндірістік және қоғамдық белсенділігінің жоғарлылығы;
мамандығына қанағаттануы;
тәрбиеленушінің
өз
икемділіктері
мен
мүмкіндіктерін
қоғам
мұқтаждығымен бірге қарастыруы, осы процесті көңіл-күймен сезінуі.
Кәсіби бағдарды басқарудың тиімді тәсілдерін дұрыс таңдау,
тәрбиеленушінің еңбегіне деген қажетін анықтайтын төмендегідей факторларға
тәуелді:
1)
қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы;
2)
белгілі бір еңбек түрінің технологиялық және функционалдық
ерекшеліктерінің мазмұны;
3)
тәрбиеленушінің бойындағы белгілі бір кәсіби бағдар негіздерін –
қызығушылық, икемділік қабілеттерді дамытып, қалыптастыру үшін жеке
тұлғаға психологиялық әсер ету.
Кәсіптік бағдар беру функциялары:
- әлеуметтік;
- экономикалық;
- психологиялық-педагогикалық;
- медициналық-физиологиялық.
Олардың әрбірі тәрбиеленушінің әлеуметтік-кәсіби өзіндік айқындалуына
бағдарланады.
Кәсіби бағдарды басқару төмендегідей сатыда жүзеге асады:
әлеуметтік:
кәсіби бағдарды басқару қоғамдық масштабта жүзеге
асырылады. Бұлар жекелеген шаралар мен байланыс құралдары арқылы
жасалынатын үгіт-насихат;
ұйымдастырушылық:
кәсіби бағдарды басқару оқу-тәрбие процесі
үстінде жүзеге асады;
психологиялық-педагогикалық:
кәсіби бағдарды басқару сынып
жетекшісі,
кәсіби
бағдар
беруші
маман,
мектеп
психологының
тәрбиеленушімен тікелей қарым-қатынас жасауы нәтижесінде жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: