249
Сурет-84. Отбасылар типтері
Отбасылар типтері:
1.
Жоғары деңгейдегі адамгершілікті қарым-қатынастағы отбасылар.
Оларда моральдық тұрғыда ахуал жақсы қалыптасқан, балалар өздерінің
қабілеттерін дамыту үшін мүмкіндіктер алады.
Олардың жұмысына сынып
жетекшісінің жиі араласуы талап етілмейді, тек белгілі бір жас аралығында
тәрбиелеудің ерекшеліктеріне байланысты жекелеген кеңестер беруі мүмкін.
2.
Ата-аналардың арасындағы жақсы қарым-қатынаспен сипатталатын
отбасылар.
Балалар ата-аналарының «ерекше» қамқорлығында болуы мүмкін,
соған байланысты балалар да сынып жетекшісінің
мән беруін талап ететін
өзімшілдік пайда болуы мүмкін.
3.
Қарама-қайшылықты отбасылар.
Мұндай жағдайда ата-аналарға өз
балалары емес, өздерінің арасындағы қарым-қатынасқа көңіл бөлулеріне тура
келеді. Бұл жерде отбасындағы психологиялық
ахуалды өзгертуге, онда өсіп
келе жатқан баланы жоғалтып алмауға қатысты белсенді түрде педагогикалық
көмек керек.
4.
Рухани тұрғыда әлсіреген, нағыз адамгершілікті құндылықтар
сақталмаған, ұрпақтарының арасында эмоционалдық байланыс бұзылған
сырттай ғана сәтті отбасылар.
Кейбір балалар
сырттай сәтті саналатын
отбасылардың психологиясын жақсы меңгеріп алған. Сондықтан ондай
отбасылармен тәрбие жұмыстарын жүргізу өте қиын.
5.
Дөрекілік, жан-жал шығарушылық, жағымсыз мінез-құлыққа тән
сәтсіз отбасылар.
Ондай отбасылар сынып жетекшісінің, көпшілік қауымның
тұрақты назарын, кейде балалар мүддесін қорғау үшін белсенді түрде
араласуды талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: