Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені



Pdf көрінісі
бет354/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Тәрбие жұмыстары бағытында озық педагогикалық тәжірибені 
зерттеу және жинақтап қорытындылау 
Озық педагогикалық тәжірибе
– білім берудегі, соның ішіндегі 
педагогикадағы жаңашылдық пен зерттеушілік тәжірибеге сүйеніп, нақты 
деректер мен соңғы жаңалықтарға негізделген, теориялық талдау және 
жинақтаудан құралған, білім беру мекемесінің немесе үнемі ізденісте болатын 
тәжірибелі педагог-маман еңбегінің жемісі.
 
Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық педагогикалық тәжірибеден 
туындайды, 
оның 
тәсілдерінің 
болжамдылығы, 
ғылымилығы, 
шығармашылығымен басым түсіп, әдістемелік жүйенің және оның жекелеген 
құрамдастарының жетілдірілуіне септігін тигізеді. 
Педагогикалық тәжірибені зерттеу талаптары:
-
мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы; 
-
педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және 
жинақтау; 
-
бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше сынып жетекшілерінің
іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; 
-
жаңашыл сынып жетекшілерінің озық тәжірибесін тарату және оны
оқу-тәрбие процесіне енгізу; 
-
педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу 
және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге 
атсалысу.
 
Оқыту мен тәрбиенің тиімді әдістері мен тәсілдерін табуда сынып 
жетекшілердің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын әрі күрделі 
мәселелердің бірі. Сынып жетекшісі оқыту мен тәрбие салаларындағы орын 
алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, оның 
тәрбиеленушілерге ықпалын тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. 
 
Озық педагогикалық тәжірибе – сынып жетекшісі шеберлігінің жоғары 
деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. 
Сынып жетекшісінің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол 
ғылымда белгілі принцип, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа сынып 
жетекшілерге үлгі болып, озық тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар:
Озық педагогикалық тәжірибенің бірінші белгісі
– қоғам дамуының 
бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат сынып жетекшілері мен білім 
беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, 
педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озық педагогикалық тәжірибенің екінші белгісі
– педагогикалық 
қызметтің 
тұрақты, 
жақсы 
нәтижелері. 
Педагогикалық 
өнім 
– 


306
тәрбиеленушілердің білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, 
тәрбиелілігінің деңгейі. 
Білім сапасы тәрбиеленушілердің байқампаздығы, талдау, жинақтау
абстракциялау іскерлігі, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтау,
іс-әрекеттің жүйесін белгілеу, өз іс-әрекетін бақылау, оған керек жағдайда 
түзетулер енгізуден көрінеді. Тәрбиеленушілердің тәрбиелілігі олардың 
пікірлері, мінез-құлқы, жүріс-тұрысынан байқалады. 
Озық педагогикалық тәжірибенің үшінші белгісі
– оқыту, тәрбие, дамуда 
тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін сынып жетекшілері мен 
тәрбиеленушілердің өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы.
Озық педагогикалық тәжірибенің төртінші белгісі
– жаңалық болып 
табылады.
Педагогикалық озық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және 
жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір сынып жетекшісі еліміздегі жаңашыл 
ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми 
еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен 
пайдаланғаны жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет