Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың



Pdf көрінісі
бет52/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Педагогикада жинақталған тәрбиелік жүйелер: И.П.Ивановтың 
тәрбиелік жүйесі («Жалпы қамқорлық педагогикасы»), А.С.Макаренко, 
Л.Н.Новикова, В.А.Караковский, Н.Е.Щуркованың тәрбиелік жүйелері, 
олардың сипаттамасы
ХХ ғасырдың 70-жылдарының соңына қарай жүйелілік идеялары тәрбие 
теориясына ене бастады. Бұл салада Ф.Ф.Королевтің еңбектері әдіснамалық рөл 
атқарады, ғалымның дәлелдеуі бойынша жүйелілік әдіс педагогикалық ойлау 
процесінің қайта құру құралы ретінде қарастырылады. Мектепте жүргізілетін 
тәрбие жұмыстарының мақсатын, тәрбие беру тұжырымдамаларын ескере 
отырып, өзіндік ерекшеліктеріне қарай анықтайды. 
 
«Жалпы қамқорлық» идеясын ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңында 
ленинградтық ғалым 
И.П.Иванов
ұсынған:
- мектеп жасындағы балалар мен олардың тәлімгерлері іс-әрекетінің 
әлеуметтік пайдалы бағыттылығы;
- мектеп жасындағы балалар мен үлкендердің достығы;
- әрекеттің көп рөлдік сипаты; 


47
- романтизм; 
- шығармашылық. 
«Жалпы қамқорлық» тәрбиелік жүйесі – ұжымдық шығармашылық істер 
жүйесі. Ұжымдық шығармашылық іс – белгілі тізбекпен құрастырылған 
тәсілдер, іс-әрекеттер жиынтығынан құралатын оның бас әдісі. Ұжымдық 
шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыруда бірнеше кезеңдер белгіленеді: 
тәрбиешілердің бастапқы жұмысы; ұжымдық жоспарлау; ұжымдық дайындық; 
өткізу; ұжым болып қорытынды жасау; жақын уақыттағы салдары. 
Ізгіліктік тәрбиелік жүйесінің негізін қалаушы 
В.А.Караковский
болды. 
Оның басты идеясы – жеке тұлғаның қызығушылықтары мен қабілеттеріне 
бағдарлау, жүйелілік, тәрбиенің кешендігі, педагогикалық әсер етуді кіріктіру, 
ұжымдық шығармашылық. Идеялар тоғысында ұжымның педагогикалық 
тұжырымдамасы анықтаушы рөл атқарады.
В.А.Караковский жүйесінің ерекшелігі – коммунарлық әдістемесін немесе 
ұжымдық шығармашылық іс-әрекет әдістемесін пайдалану. 
Жүйенің басты функционалды өзегі көктемдегі каникул уақытында 
өткізілетін үшкүндік коммунарлық жиын болып табылады. Үшкүндік жиын – 
бұл жоғарғы қарқын жағдайында қатысушылардың қала сыртына міндетті 
түрде шыққан кезде өткізілетін ұжымдық шығармашылық істер кешені.
В.А.Караковский ұсынған мектептің ізгіліктік тәрбиелік жүйесі «Біз – 
мектеп» біртұтас педагогикалық тұжырымдамасына, педагогикалық әсер ету 
интеграциясына, коммунарлық әдістемесіне, жоғары деңгейде және формальді 
тұлғааралық 
қатынастарына, 
шығармашылыққа, 
ғылыммен 
өзара 
әрекеттестікке негізделген. 
Л.И.Новикова
ізгіліктік сипаттағы мектептегі тәрбиелік жүйе дамуында 
өткен кезең, осы шақ және болашақ бар деп көрсетеді. Мұнда мектептердің 
тәрбиелік жүйелері бір-біріне ұқсас, тұрақты реттелген жүйелер емес. Бұл 
жүйелер ашық, байланысқан ортаға, оның әлеуметтік, этникалық, мәдени, 
табиғи сипаттамаларына байланысты: жүйе ортаны, оның тәрбиелік әлеуетін, 
ортаны барынша көп пайдалану және оны тәрбиелік кеңістікке айналдыру 
есебінен оның мүмкіндіктерін жоғарлатуды қарастырады. 
Ал 
Н.Е.Щуркова
нәтижелі тілдесудің төмендегідей жалпы ережелерін 
ұсынады: 
- тәрбиеленушілерде «Біз» сезімін қалыптастыру; 
- тәрбиеленушілермен тұлғалық байланыс орнату; 
- тәрбиеленушілерге өзінің ықыласын көрсету; 
- бірлескен іс-әрекетінің жарқын мақсатын көрсету; 
- тәрбиеленуші жүріс-тұрысы мен мінез-құлқындағы оң қасиеттерін 
айрықша баса айту; 
- өз тәрбиеленушілеріне қызығушылықты үнемі көрсете алу; 
- көмек және өзара көмек көрсету. 
ХХ 
ғасырдың 
90-жылдарының 
соңында 
Н.Е.Щуркова 
тәрбие 
бағдарламасының ортақ үлгісін ұсынды: 
1)
адамзаттың ортақ үйі ретінде табиғатқа адами құндылық қатынасты 
қалыптастыру; 


48
2)
мәдени 
өмірдің 
нормаларына 
деген 
құндылық 
қатынасын 
қалыптастыру (гигиена, құқық, экономика, экология және т.б.); 
3)
өмірде жоғарғы құндылық субъектісі ретінде жеке тұлға туралы 
түсінікті қалыптастыру (қызмет, іс-әрекет түрлері, мамандық, кәсіп, отбасы, 
абырой және т.б.); 
4)
адам жайлы жер бетіндегі ең жоғары құндылық деген түсінікті 
қалыптастыру (мамандық, отбасы, қарым-қатынас, тұлғалық жетістіктері
және т.б.); 
5)
Отанға, мемлекетке деген патриоттық сезімді қалыптастыру; 
6)
мейірімділік, адалдық, сұлулық пен әдемілікке бағытталған өмір 
салтын қалыптастыру; 
7)
өмірлік ұстанымын қалыптастыру, өмірлік жолын жекелеп таңдау 
қабілетін дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет