Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет53/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

В.А.Сухомлинский 
бойынша 
мектептің 
тәрбиелік 
жүйесінің 
ерекшеліктері 
В.А.Сухомлинский тәрбиелеудің 2 қайнар көзін қолдайды:
 
1) алдын-ала ойластырылған балалармен бірге өткізілетін тәрбие жұмысы; 
2) өмірдің күрделі құбылыстары, тұлғааралық қарым-қатынастар, олардың 
әрекеттері. 
Ол тәрбиелеу мазмұнына терең талдау жасап, адамгершілік тәрбиеге 
ерекше көңіл бөлді. В.А.Сухомлинский жетекшілік еткен Павлыш орта 
мектебінің тәрбиелеу өзегі – жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға, 
қоғамдық процестің белсенді қатысушысы. 
В.А.Сухомлинский бойынша тәрбиелік критерийі – адамның ар-намысы
оның өзін өзгенің көзімен көре алу және өзінің мінез-құлқын сырттай бағалай 
алу қабілеті. В.А.Сухомлинский бойынша мектептегі тәрбиенің басты элементі 
– өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады. 
Ол адамгершілік тәрбиесінің негізгі мазмұны тұлғаның гуманизм
жауапкершілік, еңбексүйгіштік, мейірімділік пен өзін басқара алу сынды 
қасиеттерін қалыптастыру деп білді.
В.А.Сухомлинский тәрбиелеу әдісі ретінде – сөзбен әсер етуге ерекше 
назар аударды. Сөзбен тәрбиелеу кітап көмегімен және тәрбиелік тапсырмалар 
(жағдаяттар) арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбиелік тапсырмалар (жағдаяттар) мектеп пен отбасы бірлесіп талап 
қойғанда ғана сәтті болмақ, сонда ғана бала адамгершілік ұғымдарды саралауда 
кедергі болатын екіжүзділік пен қарама-қайшылықтан арылады. Павлыш орта 
мектебінің педагогикалық ұжымы ата-аналар ұжымымен бірге жұмыс істеді. 
Балалардың жас ерекшеліктері бойынша 5 топқа жіктелген ата-аналар мектебі 
құрылды: 
1) мектеп жасына дейінгі балалар (5-7 жас); 
2) І-ІІ сыныптар; 
3) ІІІ-ІV сыныптар; 
4) V-VІІ сыныптар; 
5) VІІІ-Х сыныптар. 


49
Ата-аналар мектебінде сабақтар айына екі рет өткізілді. Сабақтардың 
негізгі формалары: директор, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары және 
басқа да тәжірибелі мұғалімдердің сұхбаттары мен дәрістері болды. Павлыш 
орта мектебінде жас ерекшелік психологиясы, тұлға психологиясы, физикалық, 
ақыл-ой, адамгершілік және дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет