Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет98/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Ойын технологиясы
Ойын – оқу процесіндегі оқытудың формасы әрі әдісі ретінде дербес 
дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың
бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға 
болады.
Ойынның мақсаты – ойын технологиясы арқылы баланың сөйлеу тілін 
дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Міндеті – баланың қызығушылығын 
ояту, белсенділігін арттыру.
Жеке тұлға үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы 
ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, 
еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді. 
Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, баланың ойынына қатысты 
мәселелерге соқпай кеткен ағартушы-педагог болмаған екен. Прогрессивті ұлы 
педагогтар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци халықтық ойынға 
назар аударып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. 
Ойынның баланың денін сауықтыратынын, ақыл-ойын белсенді ететін және 
барлық ағзаларын икемді қозғалуға баулитын мәнін Я.А.Коменский дәріптеген.
Ж.Ж.Руссоның пікірінше, білім алу ойынның бала өмірінде кезектесіп, 
алмасып отыруы, бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті 
шарт. 
Жалпы ойынды ұйымдастыру үш бағытты қамтиды: 

ойынды өткізуге әзірлік;

ойынды өткізу;

ойынды талдау.
Ойынның түрлерімен, мазмұнымен таныстыра отырып өткізу, сол 
өткізілген ойынды талдау арқылы ойынның өз мақсатына жетуі – олардың 
белсенділігі және іс-әрекеті арқылы іске асады (31-сурет). 
Ойынның түрлері: 
1.
Мазмұнды бейнелі ойындар: 
отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, 
ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер. 
2.
Қимыл-қозғалыс ойындары:
«Ақ серек пен көк серек», «Ұшты-ұшты», 
«Аңшылар», «Сиқырлы таяқ», «Мысық пен торғайлар», «Бақташы мен 
қозылар», «Соқыр теке», «Мысық пен тышқан». 


88
3.
Дидактикалық ойындар:
заттың түсін анықта, қуыршақты серуенге 
дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, 
аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт және т.б.
4.
Құрылыс ойындары: 
лото және басқа конструкторды пайдалану.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет