Сурет-31. Ойынның түрлері 5. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі және әңгімелерді рөлге бөле отырып
орындау, сахналық көрініс көрсету.
Педагогтардың
ойынша
ойын қызығушылығын туғызатын, қалыптастырушы факторлар:
ойындағы серігіңмен қарым-қатынастан алатын рахаттанушылық;
өз мүмкіндіктеріңді жұртқа көрсетуден туған рахат сезім;
ойын процесінде таныс емес ойын жағдаяттарының күтілуіне бас
тігушілік және олардың шешілуі;
келісілмеген жағдайда шешім қабылдау қажеттілігі;
қабылданған шешімнің ақырының тез анықталу мүмкіндігі;
табыстан ләззат алушылық;
процестен рөлге, қайта жүзеге асырудан ләззат алу.
Ойын технологиялары балалар іс-әрекетін күшейтетін, белсендіретін
құралдарды игертеді. Ойын – өз мінез-құлқы мен іс-әрекетін жетілдіретін,
жинақтайтын, қоғамдық тәжірибені жасауға және меңгеруге бағытталған
шартты жағдаяттағы әрекет түрі.
Ойынды
өткізудің
технологиясы
бірнеше
кезеңдерден
тұрады
(32-сурет).
Ойындар технологиясының тиімділігі қазіргі өмір жағдайына бейімделу
қабілеттілігімен, саналы түрде мамандық таңдауға мектеп түлегі мен баланың
белгілі бір деңгейде дайындығынан көрінеді.