Усипбекова Дана Нуржановна АҒылшын тілі пәні сабағында интербелсенді оқыту тәсілдерін қолданудың жолдары



Дата04.05.2017
өлшемі164,79 Kb.
#15516
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

№3 МҚКК колледжінің

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы

Усипбекова Дана Нуржановна
АҒЫЛШЫН ТІЛІ ПӘНІ САБАҒЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап көрсеткендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты.Елдің ертеңгі өресі биік, дүние танымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін, жетілдіретін байланыс құралы

Ретінде тілдің қызмет атқаруы табиғи құбылыс. Сондықтан да болар, шетел тілін үйренуге деген талап пен көзқарастың жаңа бағыттарда өзгеруі жаһандану процесімен, еліміздің басқа елдермен экономикалық тұрғыда, мәдени тұрғыда қарым-қатынасының кеңейуіне байланысты.

Мәдени процестің негізгі бөліктерінің бірі әлемдік мәдениеттің құндылықтарын игеру арқылы немесе басқа елдің тілін меңгеру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

Бүкіл дүние жүзінде интеграциялық процестер бел алып келе жатқан қазіргі кезде ендігі жаңа буын, жас ұрпақтың мемлекеттік тілді,

сонымен бірге шетел тілдері мен орыс тілін жақсы білуі уақыт талабы.

Еңбек нарығында шетел тіліне сұраныстың өсуі, шетел тілінің профессионалдық маңызының өсуі оның халықаралық деңгейде

меңгерудің қажеттігін туғызып отыр. Сондықтан да, қазіргі жағдайды

ескере отырып, түрлі салалардағы мамандарға олардың шетел тілдерін,

әсіресе ағылшын тілін кәсіби деңгейде меңгеруіне ықпал ететін жағдай

жасау қажет, бұл олардың бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтереді, басқа

елдердің өкілдерімен қарым-қатынас жасауына қол жеткізуге, сондай-ақ

ғылым мен техниканың, ақпараттық технологиялардың жетістіктерін

тезірек меңгеруге мүмкіндік береді. .

Қазіргі заманда сабаққа қойылатын талаптар мұғалімнен шеберлікті қажет етеді. Мұғалім сабақ үрдісінде материалдарды дайын күйінде бермей, оқушы ізденісіне жол ашатындай әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қажет. Сонда ғана оқушы шын мәнінде өзіндік ойлау қабілеті бар жеке адам болып қалыптасады. Ұлы ойшыл, қытай философы Конфуцзийдің «Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, орындасам түсінемін»-деген даналық сөздері осы айтылғандарды дәлелдей түседі. Сондықтан сабақта қолданылатын интербелсенді оқыту тәсілдерін пайдалану оқушының бойына адамгершілік қасиеттерімен қатар білімге, өнерге құштарлығын қалыптастырады. Жеке, жұптық, топтық жұмыстар атқара отырып, оқушының белсенділігі артады, бір-біріне көмектесе отырып, сабаққа барлық оқушы қатыса алады. Өзінше ізденіп, өз ойын толық жеткізе алатын дәрежеге жетеді. Нашар оқитын оқушының өзі ойын элементтері арқылы интербелсенді оқыту тәсілдерін қолдану барысында оқушының ой - өрісін дамытуға көмектеседі. Жаңашыл ұстаздар сабақ арқылы оқушыға емес, оқушы жүрегі арқылы сабаққа ұмтылыс тудыруды ұсынады.

Ал, енді интербелсенді оқыту тәсілдерін қолдана отырып, оқушылар орындайтын бірнеше тапсырма түрлерімен танысайық.

1. Ағылшын тілінде сөздік қорын көбейту үшін тақырыптық суреттермен жұмыс жасаған өте тиімді. Оқушыларды төрт топқа бөле отырып, оларға суреттері бар кубиктер беріледі. Суретпен жұмыс жүргізудің бір түрі - кубиктер. Кубиктің алты беті болады, сол алты бетіне тақырыпқа байланысты суреттер қоямыз. Кубикті лақтырып қалған кезде қайсы беті түссе, сол бетін суреттейміз. Топтар кезек-кезек кубик лақтыра отырып, тапсырманы орындап отырады. Мысалы, жан-жануарлардың суретін әрбір бетіне саламыз. Оқушылар сол жануардың атын, сын-сыйпатын айтып беру керек.

This is bear. (P1)

The bear is strong.

It is brown.

It lives in the forest.

This is fox. (P2)

The fox is sly.

It is orange.

It lives in the forest.

Келесі кубикте оқу құрал-жабдықтары жайлы болсын. Мысалы:

1. Р1-This is a school bag. It is black.

2. P2-This is a book. It is an English book.( round ,white, red)

Бұл кубиктер ағылшын тілін жаңадан бастағандарға арналған бастапқы этапта пайдаланатын кубиктер. Келесі кубиктер күрделірек. Әрбір бет бір-бір тақырыпқа арналады. Мысалы: бірінші бетте киім-кешектер болса, екінші бетте ыдыстар, үшінші бетте жеміс-жидектер, төртінші оқу құралдары, бесінші үй жиһаздары, алтыншы табиғат бейнеленеді. Кубикті лақтыру арқылытапсырмалар беріп оқушылардың барлығын дерлік сабаққа жүмылдырып,қызықты өткізуге боады. Сабақта бір сарынды ұзақ жаттығулар мен ұзақ оқытулар оқушыларды жалықтырады, сондықтан да оқыту тәсілінің бірі ойын элементтерін пайдалану оқушылардың сабаққа деген, жалпы шет тіліне деген қызығушылығы мен белсенділігін арттырады. Сабақта мен бастауыш буындарда мынадай ойын элементтерін пайдаланып өткіземін. Соның бірі:

1. Қағазға әдемі күннің суретін салып, балаларға таныстырып It is a Sun -деймін. Егер ол суретті басынан жоғары көтерсем, бұл күндіз деген мағынаны білдіреді. Осы кезде оқушыларға-Good afternoon! деген сөзді үйретемін. Күн алдында тұрса, бұл-таңертең- Good morning!. Күн бір шетте тұрса-кеш -Good evening! Егер де күнді арқама қойсам бұл - түн-Good night!

2. Мен сабақта жиі қолданатын ойынымның бірі ол жазба жұмысындағы ойындарға жатады.Мысалы:Schoolchildren. Осы жазылған сөздерден оқушылар жаңа сөздер құрастырып шығаруы керек. Шығатын сөздер мыналар(he, she, side, shoe, son, nose, red, doll, line, child, school ) т.б.

3. Келесі ойын сабақ барысында өтіп кеткен қандай да бір дыбыс бойынша ойын жүргізуге болады. Мысалы, [әе] дыбысына. Мұғалім әр топқа кезек-кезекпен осы дыбыс бар сөздерді айтқызады. Қай топ көп сөз айтса, сол жеңеді.

4. «Қатесін түзе» ойыны. Бұл ойында берілген сөздің қатесін табу керек. Яғни, қайсы әріп дұрыс қойылады.

5. «Күн сәулесі» ойыны.

Қажетті сөзді тиісті тақырыпқа пайдалану тақырыпқа (Венн диограммасы)

Бұл ойын күн сәулесіне адамның мінез-құлықтарын жазып толтырамыз. Күннің әрбір шуағына әр оқушы бір мінез түрін жазып, кеспе қағаз оқушыдан-оқушыға өте отырып, соңында өз иесіне қайтады. Бұл ойын арқылы оқушы өзін-өзі тәрбиелейді.

6. «Сөздерді толықтыр».Бір сөзден келесі жаңа сөз табу(зат есімнен –етістікке айналдару т.б.с.с.)



Қорыта айтқанда оқу процесін жеделдетумен байланысты шет тілін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттілігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолданбау керек деген емес. Қайта бұл әдістеменің дамуына негіз салады.

Сабақта кең көлемді ойын және интербелсенді оқыту тәсілдерін негізге ала отырып, оқушылардың жеке, топтық, ұжымдық дамуының ерекшеліктерін ескере отырып, жүзеге асырылуы керек. Ағылшын тілін оқытқанда ауызша тіл дамытуға және оқушының сөздік қорын байыту үшін әр түрлі ойындарды пайдаланудың көмегі өте зор.

Ағылшын тілі пәнін оқытуда ойын арқылы оқушылар арасындағы достық қарым-қатынас нығая түседі. Осы ойындар арқылы оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға, сөйлеу мәнерін қалыптастыруға болады. Сондықтан да сабақта немесе сабақтан тыс жұмыстарда интербелсенді оқыту тәсілдерін пайдаланудың әдістемелік маңызы зор.

Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.

Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1)стол үсті ойындары
2)дидактикалық ойындар
3)қозғалыс ойындары
4)іскерлік ойындар
5)интеллектуалдық ойындар

І. Стол үсті ойындары.

Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта стол үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.

ІІ. Дидактикалық ойындар.

Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.

ІІІ. Қозғалыс ойындары .

Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.

IV. Іскерлік ойындар .

Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.

V.Интеллектуалдық ойындар.

Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.

Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек:

-мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылдыққа дайын;

-ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы;

-жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді;

-ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы;

-сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың үлгілері:

1. «Міlling» – «Сыңарыңды тап» жаттығуы.

Бұл жаттығуды кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өтілген тақырып бойынша бір топқа оқиғаның аты, ал екінші топқа – оқиғаның мән-жайы жазылған карточкалар беріледі. Олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек. Мысалы: Тақырып : «Holidays»,

«А» тобына: «В» тобына:

HALLOWEEN It“s a holiday for children in Britain.Children dressed in costumes knock on their neighbours“ doors and ask if he/she would like «trick» or «treat», NEW YEAR HOLIDAY People begin celebrating this holiday on December 31. Many families watch television.

2.« Сөйлемді аяқта...»

Тақырып: « Eating in Great Britain»

Бұл жаттығу да кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушылар екі топқа бөлінеді. «А» және «В» тобы. Өткен тақырып бойынша бір топқа сөйлемнің басы, екінші топқа сөйлемнің аяқталуы беріледі, олар сынып бөлмесінде еркін жүріп өз сыңарларын табу керек.

Мысалы:
«А» тобына: «В» тобына:

A good example is the traditional British Sunday lunch which consists… …of roast-beef, roast potatoes and Yorkshire pudding.

British breakfast consists of … …cornflakes with milk, toasts with marmalade, honey and tea.

3.Teaching with limited Resources:

« Шектелген ресурстармен оқыту» Бұл жағдайда мұғалім сынып бөлмесіндегі бар заттарды қолданып сабақ өткізеді. Мысалы: бөлмедегі орындықтарды пайдаланып ойындар өткізу.

«Hot chair»- «Ыстық орындық» Тақтаның алдында 2 орындық қойылады. Біреуі- «true», екіншісі– «false». Тақтаның алдына 4-6 оқушы шақырылады. Мұғалім өткен тақырып бойынша сөйлемдер айтады. Оқушылар естісімен екі орындықтың біреуіне жүгіріп отырады. Дұрыс отырмаған оқушы ойыннан шығады. Женген оқушы тиісті «5» бағасын алады.

4.“Grammar`s Wild” ойыны.

1.Қима қағаздар дайындаңыз: 3х5, 5х7 см

2.3х5 қағаздарға саналатын және саналмайтын зат есімдерді жазыңыз;

5х7 қағаздарға Counted, Uncounted, Both –деп жазыңыз;

3.Оқушыларды екі топқа бөліңіз;

4.Әр топқа қима қағаздарды таратыңыз (түстері әр-түрлі болсын);

Әр команда қағаздарды өз категориясы бойынша бөлу керек.
5. “Compare them”ойыны.

1.Жануарлардың суреттерін дайындаңыз;

2.Оқушыларды жұптап бөліңіз де, әр жұпқа 2 суреттен беріңіз;

3.Тақтаға бірнеше сын есімдерді жазыңыз;

Мысалы:
Bad short tasty

Beautiful long small

Good young big

Nice old sweet

4. Оқушылар суреттеріндегі жануарлар ды салыстырып, неғұрлым көп
сөйлем жазады.

6.Анаграмма / Wordsnakes

Оқушыларға берілген анаграмманы шешуге ұсынасыз:

woruyehao

Hello how are you

I am fine see you good bye

7. “Kim`s Game” ойыны.

Оқушының сумкасындағы заттарды оқыту үшін бәрін партаның үстіне жинапқойып, оларды қайталату керек. Содан сон бір-бірден тығып, өздеріне таптыру керек. Мысалы: Close your eyes! Open your eyes! What“s missing?

8.“Bingo” ойыны

Бұл жаттығуды да кезкелген пән сабағында қолдануға болады. Оқушыларға керекті трафареттер мен қиынды қағаздар таратылады. Тақырып бойынша трафареттің ішіне сөздер жазылады. Мұғалім керекті тақырып бойынша айтқан сөздерді оқушылар қағазбен жауып отырады. Кімде бір қатарда ұзынынан немесе көлденеңінен сөздер жабылса, сол оқушы жеңіп шығады.

Бала ұлттың болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы, біз олардың адамзаттық жоғары парасаттылығын, ақылдылық пен білімділігін, адамгершілік негізін қалыптастыра білуіміз керек.

Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мғн берумен тығыз байланысты.

Шәкірттерінің сабақтағы белсенді іс-әрекеттерін ұйымдастыру, ойлау,шығармашылық, ізденіс қабілеттерін дамыту арқылы білім сапасын көтеруде ойын технологиясын пайдаланудың мәні зор. Ойын технологиясын сабақта дұрыс қолдана білу керек.Санына емес сапасына назар аударған жөн.

Күнделікті бір сарынды,дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аласың. Мен ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында ойын технолдогиясын қолданамын.Ойын ойнау арқылы балалар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі кезеңде ойын – балалардың ең негізгі әрекеті болды.Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жете алмайтынымды түсіндім.Сабақта ойын әрекеті болу керек екендігін аңғардым.Бірақ қандай деңгейде?Сабақтың қай кезеңінде?Қай кезде жақсы нәтиже береді?Бұл сұрақтар мені үнемі толғандыратын.Себебі мен бұл сұрақтарға бірден жауап бере алмадым. Әріптестеріммен кеңестім, көптеген әдебиеттерді оқыдым, интернеттен іздедім,баспа - құралдарын оқыдым,сабақ жоспарларымды зерттедім.Ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болатынын түсіндім.Сонымен мынандай қорытындыға келдім.Сабақта қолданатын дидактикалық ойындарды 4 топқа бөлуге болады(сурет 1). Сабақта жиі қолданып жүрген ойындардан үлгілерді ұсынамын.




Лексикалық



Дидактикалық ойындар



Фонетикалық

Грамматикалық


Орфографикалық

Сурет 1. «Дидактикалық ойындар»

1.Фонетикалық ойындар.

Мақсаты:Оқушыларды ағылшын дыбыстарын еш қиындықсыз дыбыстауға, алфавитті меңгертуге үйрету.



Аралар ойыны

Құрал-жабдықтар: ковбой қалпағын киген ағылшын арасы мен тақия киген қазақ арасының суреті.

Ойын барысы:Мұғалім екі араны таныстырады.Ағылшын арасы [р] деп (тілімізді тістеп «з» деп айту)ызылдайды, ал қазақтың арасы [ʒ]деп ызылдайды.Екі ара бір гүлдің үстінде кездесіп қалып бір-біріне екі елдің жаңалықтарын айтып жатыр.(кезек-кезек [р], [ʒ]деп айту)

"Story"

Белгілі бір дыбысқа арналған кез-келген сөздерді пайдалануға болады. Содан соң әңгіме құрастырылады.Әңгімеде сол дыбысқа арналған сөздер кездессе- балаларға оны карточкадан көрсетіп,олар оны хормен айтады.



Мысалы: Бір күні (Rabbit) болыпты. Оның тамаша (rope) бар екен. Біздің(Rabbit) өзінің (rope)мен (road) арқылы жүргенді жақсы көрді.( (road) бойында өте әдемі (roses) өседі екен. Егер күнде таңертең (rain) жаумаса, біздің (Rabbit) әдемі (roses)дерді теріп алып өз достарына апарып берер еді! Etc.

"Is it true or not?"

Ойынды доппен өткізуге болады. Допты кез келген ойыншыға лақтыруға болады және бір сөз тіркесін айтып:"Is it true or not?" деген сұрақ қояды,.Ойыншы допты қағып алып "Yes, it’s true", немесе "No, it’s not true" деп жауап береді. Сосон сол адам допты басқа ойыншыға лақтырады.(кесте 1.)



Мысалға:


Yellow lemon




Pink pig










Orange bear




Brown monkey










White snow




Red crocodile










Purple mouse




Green grapes










Gray elephant




Purple cucumber

Blue apple




Black sun


Кесте 1.
2.Лексикалық ойындар



Мақсаты: өткен тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейту және бекіту.

Алтыншысын ата

Ойын барысы: Ойыншылар дөңгелектеніп отырады.Ойынды бастаушы өткен лексика бойынша сөздерді атай бастайды.Мысалы,5 спорттың түрі,5 мамандық,5 мектеп құралдары,5жануар т.с.с.Жалғастыруға ұсынған адам 6-шысын атайды.Егер тез айтса, сол адам жүргізуші болады.Біраз ойланып айтса,бұрынғы адам бола береді.

Мысалы:a rubber, a desk, a ruler, a chair, a board…(a pen)[2]

3.Грамматикалық ойындар

Мақсаты: Грамматикалық тақырыптар бойынша білім,білік,дағдыларын бекіту.

Күн мен түн ойыны

Ойын барысы:Мұғалімнің командасымен «night» деп айтқанда оқушылар көздерін жұмады, ал «day» дегенде тапсырманы орындайды.

  • Мұғалім қазақша айтады,оқушылар ағылшын тіліне аударады.

  • Мұғалім ағылшын тілінде сөйлем айтады,оқушылар болымсыз түрі мен сұраулы сөйлем жасайды.

Мысалы: T: «мысық» ,P: «a cat»;

T: «мысық жақсы көреді», P: «a cat like»;

T: «мысық доппен ойнағанды жақсы көреді», P: «a cat likes to play with a ball»;

4.Орфографиялық ойындар

Мақсаты: сауатты жаза білуге дағдыландыру

Гусеница(қуыршақ) ойыны

Құрал-жабдықтар:магнит,әріптер жазылған дөңгелектер.

Ойынның барысы: Тақтада домалақтардан құралған гусеницанын суреті бар.Бірінші гусеницада қысқа сөз жазылған.Әр гусеница бір домалаққа артығырақ (домалақтар бос),қатысушылар кезекпен тақтаға шығып ереже бойынша сөз жазады.

Ереже:барлық сөздер бірдей әріптен басталу керек.Алдындағы сөзден келесі сөз бір әріпке артығырақ болу керек.(сурет 4.)
Мысалы:
Hеееееe He

Her ееееe He

Here

Heart

Сурет 4.


Тиімді қолдана білген ойын арқылы:

  • Білім беру сапасы артады

  • Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады

  • Қиын грамматиканы оңай,әрі қызықты етіп түсіндіруге болады.

  • Оқушы белсенділігі артады

  • Материалды меңгеруге түрткі болады

Ойын технологиясын қолдану арқылы барлық мәселе шешіле қалды деп айту дұрыс емес. Дегенмен,қиындықтар азайады.Себебі,ойын- бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті. Мұғалім үнемі ізденіс үстінде болу керек.Сонымен қатар,кроссвордтар, ребус, жұмбақтар, жаңылтпаштарды тез әрі дұрыс айттыру арқылы оқушылардың тілдері жаттығады, логикалық ойлау қабілеттері дамиды, шапшаң ойланатын болады.Сергіту сәтін ұйымдастырған кезде интернеттен онлайн жүйесінде «happy song », «Bingo» т.с.с.сияқты әндерді бейнеге қарап тұрып орындатса, оқушылар сергіп ,қызығушылықтары оянар еді деп ойлаймын.Бір жағынан, тілдері жаттығады,екінші жағынан, ағылшынша әндер жаттайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет