89
«Сұхбат алу» ойыны.
Қамтамасыз ету: әр балада бір-бір қалам, қарындаш,
ақ парақ болуы шарт. Ойынның барысы: ойыншылар 2 шеңбер болып бөлінеді.
Олар бір-бірінен сұхбат алады.
Сурет-32. Ойынды өткізу технологиясының кезеңдері
Сұхбат 2
минуттан артық болмайды, бірақ
ойыншының кейбіреулерінің
шектеулі уақыттан асып кетуі де мүмкін. Барлығына
бірдей сұрақтар тізімі
беріледі. Мысалы:
1.
Аты-жөнің?
2.
Жасың қаншада?
3.
Туған жылың, айың, күнің?
4.
Қайда тұрасың?
5.
Мектепте қай пән ұнайды?
6.
Сабақтан тыс уақытта жақсы көретін ісің?
Сұхбат
аяқталған соң, кімнен қандай
ақпарат алғандары жайында
баяндауға 1 минут уақыт беріледі.
Тәрбиеші-педагог топтағы ұжымдық қызметтің үш
деңгейімен де жұмыс
істей алуы керек:
топтың барлығымен бір уақытта бірдей жұмыс істеу;
жұптасқан жұмыс;
саралау ұстанымындағы топтық жұмыс.
Технологияны жүзеге асыру кезінде
ойын тапсырмасын орындаудың
маңызы
туралы есте ұстау керек, әрбір ойынның
аяқталуында оның барысын
Достарыңызбен бөлісу: