107
жауапкершілікті,
отансүйгіштік
сезімді,
жоғары
адамгершілік
және
көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру» – деп атап көрсеткендей,
бәсекеге
қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған,
жоғары азаматтық және
адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі
қалыптасқан зияткер тұлға қалыптастыру болып табылады.
Мектеп –
қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік
іс-қимылын үйлестіруші қоғамдық институт.
Жалпы мектептің жоспары – өткен оқу жылындағы мектеп жұмысын
талдаудың және алда тұрған оқу жылындағы
оқу-тәрбие жұмысын
жетілдірудің, мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысын жоспарлаудың,
оқу-тәрбие жұмыстарын, оқушылардың сыныптан
тыс және мектептен тыс
жұмыстарын,
әдістемелік
жұмыстарды,
ата-аналармен
жұмыстарды,
өзін-өзі басқару органдарымен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру мен
жетілдірудің ең маңызды міндеттерін анықтаудың құралы болып табылады.
Мектептің тәрбие жұмысын жоспарлағанда өткен оқу жылындағы
жұмысты талдау мақсатымен тәрбиелік міндеттерін
айқындауды есте ұстау
керек.
Мектептің тәрбие жұмысын нақты жоспарласа және дұрыс ұйымдастырса,
онда іс-әрекеттердің сапасы мен тиімділігі артады. Педагогикалық тәжірибе
көрсеткендей, жоспарға әкімшілік талаптармен ғана қарау,
өкінішке орай,
жоспарлау процесінде жоспардың құрылуы мен жазылуын шектейді. Мұндай
жағдайда, жоспар формальді түрде болып, әрекетке бағыт бере алмайды.
Нәтиженің қол жеткен тиімділігі және әрекеттің кез келген табысы әрекеттің
қаншалықты сауатты жоспарлануына байланысты болады.
Осы тұрғыда мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасарының графиктік тұрғыда
жасалған жарты жылдық жұмыс
жоспарының үлгісі 2 нұсқада көрсетілді (4,5-кестелер).
Достарыңызбен бөлісу: