Сурет-37. Педагогикалық ұжымның ерекшеліктері
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлауда төмендегілерді ескеруі
қажет:
талдау барысында тәрбие жұмысының нәтижесі мен тұжырымын;
тәрбиелік және ұйымдастырушы-педагогикалық міндеттерін;
тәрбие жұмысы бойынша педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің
сипаттамасы мен кеңестерін, материалдарын;
әр елдің, қаланың, мектептің озық тәжірибелерін;
ата-аналар мен көпшіліктің мүмкіндіктерін;
кәсіпорын, мәдениет мекемелерінің тәрбиелік қуатын;
оқу жылының дәстүрлі мерекелерін;
ел, қала, ауыл өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды;
ұлы адамдардың өміріне байланысты оқиғаларды, даталарды;
мектептің дәстүрін;
педагогтар, оқушылар, ата-аналардың ұсыныстарын.
Бұл міндеттерді шешу оқушылар іс-әрекетін дамытуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |