Кесте-12. Оқушылардың өзін-өзі басқару әрекетіне әсер ететін факторлар Оқушылардың өзін-өзі басқару әрекетіне әсер ететін Оң факторлар Теріс факторлар
Мақсатқа бағыттылық және мақсатқа
лайықтылық
Әрекет саласының және биліктің нақтылығы
Басқа да балалар ұйымдарымен серіктестік
Ұжымдағы жағымды психологиялық ахуал
Басқару қызметін орындауға дайындық
Шешімді қабылдау мен орындау әрекетіндегі
дербестік
Педагогикалық және оқушылар ұжымымен,
өзін-өзі басқарудың барлық түрімен серіктестік
Перспективалық бағыт дамуының нақты
анықталуы
Өзін-өзі басқару қызметіне педагогикалық
көмектің берілуі
Өзін-өзі басқару ұйымы мүшелерінің жоғары
шығармашылық мүмкіндігі және т.б.
Әміршілдік, артық қамқорлық,
сенімсіздік
Өзін-өзі басқарудың мүмкіндіктері
мен күшіне сенімсіздік
Артқа тартушылық, жұмысты
атқарушыларға қарсылық
Топтық қызметке қысым
Өз бетінше талдау мен әрекет етуге
жағдайдың болмауы
Бірдей талаптың болмауы
Жұмыстағы жүйесіздік
Басшылықсыз, жоспарсыз жұмыс
және т.б.
Ұжымдағы өзін-өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде төмендегідей көрсетуге болады: -
Әрекеттің мақсатын анықтау.
-
Ұжым болып мақсатты белгілеу.
-
Басқару мәселесін қою.
-
Шешімді ұжым болып талқылау.
-
Шешімді қабылдау.
-
Шешімді жүзеге асыру.
-
Ұжым болып нәтижесін қорытындылау.
Өзін-өзі басқарудың күнделікті әрекеті ұжым жұмысын жоспарлау,
ұйымдастыру, өз жұмысын талдау, шешімдер қабылдау мен жасалатын істердің
қорытындысын шығаруда байқалады.