Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет231/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап
44076315
 
 
Сурет-67. Қоғамдық сананың белгілері 
 
В.Т.Тугаринов жеке тұлға нені қастерлейді, соның барлығы құндылық деп 
анықтайды. Ол – зат, табиғат құбылыстары, қоғамдық процестер, жеке 
тұлғаның іс-әрекеттері, мәдени құбылыстары болуы мүмкін. 
М.Г.Казакинаның анықтамасы бойынша, құндылық – бұл сыртқы құбылыс 
(зат, құбылыс, іс-әрекет), сананың дәлелі (идеал, бейне, ғылыми концепция); 
құндылық – бұл, біз баға беретін объект.
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген 
сәтінен бастап, бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын, қоршаған ортасына сәйкес 
бірге қалыптасады.
Құндылық объектінің жеке тұлға үшін қаншалықты маңызды екендігін 
айқындайды.
Ол 
пәндік
және 
субъективтік
деген екі бөліктен тұрады. Пәндік 
және субъективтік құндылық – жеке тұлғаның дүниеге қатынасының екі жағы, 
біріншісі – оның объектісі, екіншісі – субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық – 
баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық – олардың өлшемі мен әдісі 
болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің 
өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, 
ғылыми ақиқаттың теориясы, маңызы мен тәжірибелік пайдасы, жеке тұлғаның 
іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық 
объектілердің эстетикалық
 
қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына 
қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда 
кездесетін түрлі нормалар жатады. Құндылықтар өмірге, еңбекке, 
шығармашылыққа, жеке тұлға өмірінің мәніне және т.б. баға беру қатынасынан 
тұрады. Құндылықтар жеке тұлға мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, 
заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Жеке тұлға 
өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет