Қарастырылатын сұрақтар



Дата28.11.2023
өлшемі9,37 Mb.
#193949
Байланысты:
425382.pptx


Тақырып:
Экологиялық құқықтың қайнар
көздері.
Орындаған: Жарылқасын Сабина
Тексерген: Қуандықов Қалдарбек
Жүнісбайұлы

Қарастырылатын сұрақтар:


ҚР Экология құқықтарының қайнар көздері
Экология құқығының қайнар көздерінің түрлері
Экология құқығының қайнар көздері
Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады.

Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:


кешенді
ресурстық
Әлеуметтік экономикалық
Кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы» , «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады.
Ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.
Әлеуметтік –экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы-экологиялық құқықтық негізгі қайнар көзі
Экологиялық құқыққа қатысты Конституция нормаларының арасында мына нормаларды бөліп көрсетуге болады:
1) ұйымдық –басқару
2) экономикалық
3) әлеуметтік нормалар
Ұйымдық
басқару нормаларына қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану саласында оның органдары мен құзіретін баянды ететін конституцияның нормаларын жатқызады. Конституциясының жекелеген нормалары қоршаған табиғи ортаны құқықтық реттеу қажеттігін тікелей көрсетеді. Мысалы, 31-бапта былай делінген: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды».
Әлеуметтік
Экономикалық
нормаларға табиғат ресурстарына меншік нысанын белгілейтін Конституцияның 6-бабын жатқызған жөн. «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғат ресурстар мемлекет меншігінде болады». Жер, су сондай-ак заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін».
нормаларына 38-бапты жатқызу керек, онда былай деп белгіленген:«Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті».
Негізгі табиғат қорғау заңы 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі болып табылады. Оның құрылымына 9 бөлім, 47 тарау, 326 бап жатады.
2006 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” Заңы қабылданды. Оның құрылымына 18 тарау, 85 бап кіреді.
Негізгі салалық заң актісі 2003 жылғы 20 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексі болып табылады. Кодекс 5 бөлімнен, 21 тараудан, 170 баптан тұрады.

Сонымен, қоршаған ортаны корғау мен адамның өмір сүруі үшін қолайлы жағдай туғызу — демократиялық мемлекеттің басты мақсаты болып табылады. Әрбір адамның салауатты қоршаған ортаға құқығы бар, сонымен бірге әрбір адам табиғатты аялауы керек, қоршаған ортаны ластамауы қажет.

Қолданылған әдебиеттер


https://lektsii.org
Қазақстан Республикасының Конституциясы1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы N 212 Кодексі.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет