Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Кодексі жобасының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
(Салық кодексі)
Заң жобасының атауы
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс жобасы).
Заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесі
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекелестік» жолдауында атты басымдығы бойынша негізгі міндеттердің бірі салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық шынайылыққа сәйкестендіру.
Салық саясаты бизнесті «көлеңкеден шығаруға ынталандыруға және, шикізат емес сектордағы салық базасын кеңейтуге бағытталған болуға тиіс. Қолданыстағы салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру маңызды. Жалпыға бірдей декларациялау қарсаңында арнайы салық режимдерін жаңадан қарастыру қажет.
Салықтық әкімшілендіру тетіктерін жақсарту талап етеді. Ең алдымен бұл қосымша құн салығына қатысты.
Сонымен қатар, Үкіметке жаңа Жер қойнаулары туралы кодекстің қабылдануына байланысты, жылдың соңына дейін салық заңнамасына қажетті түзетулер енгізуді қамтамасыз ету тапсырылған болатын.
Сондай-ақ, халықаралық технопаркіндың IT-стартаптар құру үшін тиісті инфрақұрылым және салықтық жеңілдіктерді, қоса алғанда қолайлы жағдайлар қажет екендігі атап өттілді.
«100 нақты қадам» ұлт жоспарында бес институционалдық реформаны жүзеге іске асыру жөніндегі мынадай қадамдар көзделген:
44 қадам «Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру».
45 қадам «Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізумен арқылы қолданыстағы салық режимдерін оңтайландыру».
Жоғарыда аталған міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі – Кодекстің жобасы) Кодексінің жобасы әзірленді (бұдан әрі – Кодекс жобасы).
Кодекс жобасы кейбір нормаларды өоспағанда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Кодекс жобасында 2019 жылдан және 2020 жылдан бастап күшіне енетін немесе 2022 жылға дейін қолданыста болатын баптардың біршама саны бар.
Кодекс жобасына өтпелі ережелерді қосу мәтінді күрделендіріп жібереді, ол Мемлекет басшысының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін барынша оңайлату туралы тапсырмасына қайшы келеді.
Осыған байланысты, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің жекелеген нормаларын қолданысқа енгізу туралы тәртібін айқындайтын жеке заң жобасын әзірлеу қажет.
Мәселен, жеке табыс салығы бойынша ережелер (соның ішінде жалпы ережелер, салық шегерімдері, есептеу, төлеу және салық есептілігін ұсыну тәртібі) жалпыға бірдей декларациялаудың енгізілуіне байланысты 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап реформаланатын болады.
Сондай-ақ, шот-фактура жазу және акциздерге (алкоголь өнімдері, сыра және сыра ішімдігі, фильтрлі және фильртсіз темекі, папиростар бөлігінде) қатысты жекелеген нормаларды 2019 жылдан бастап реформалау ұсынылады.
Дидидендтер мен құн өсіміне салық салу бөлігіндегі нормаларды 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап реформалау ұсынылады.
Арнайы экономикалық аймақтарға салық салуға қатысты жекелеген нормалар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Бұған қосымша, инвестициялық стратегиялық және басым жобаларға салық салуды реформалауға байланысты салық жеңілдіктерінің қолданылу тәртібін айқындайтын жекелеген ережелер ұсынылады.
3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары
Заң жобасын қабылдаудың мақсаты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу тәртібін айқындау болып табылады.
Заң жобасын реттеу нысанасы
Заң жобасын реттеудің мәні салық салу салаларында Қазақстан Республикасы заңнамасының шеңберінде туындайтын қоғамдық қатынастар болып табылады.
5. Заң жобасының құрылымы және мазмұны
Тұжырымдамалық тұрғыдан, заң жобасы мынадай ережелерден тұрады деп ұсынылып отыр: 1) Кодексті қолданысқа енгізетін ережелер; 2) Кодекстің жекелеген баптарының қолданылу тәртібін айқындайтын өтпелі ережелер; 3) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 99-IV Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) күші жойылды деп танитын ержелер.
6. Тиісті саладағы заңнамалық актілерге жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижелері
Қажеті жоқ
7. Заң жобасы қабылдаған жағдайда болжалды құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдар
Салық заңнамасын жетілдіру Қазақстанда тұрақты негізде жүргізіледі және жалпы қолайлы кәсіпкерлік ортаны құруға, дамудың стратегиялық мақсаттарын іске асыруға және елдің алдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жағдайлар құруға бағытталған..
Жалпы, Кодекс жобасын қабылдау теріс экономикалық, әлеуметтік және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір мезгілде (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі
Қажеті жоқ.
Заң жобасы нысанасының өзге нормативтік құқықтық актілермен реттелуі
Заң жобасының осы тұжырымдамасының шеңберінде қаралған қоғамдық қатынастар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы 99-IV Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) регламенттеледі.
Қаралып жатқан мәселе бойынша халықаралық тәжірибенің бар болуы
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың жоғары деңгейі нарықтық экономиканың сәтті жұмысының қажетті шарты болып табылады. Шетелдерде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құрудың басымдылығына негізделе отырып көп мән беріледі.
Шағын және орта кәсіпкерлікке салық салудың қалыптасқан халықаралық тәжірибесі шағын бизнес субъектілеріне қатысты екі негізгі тәсілдемені қарастырады:
1) жеке ірі салықтар бойынша шағын бизнес үшін салық жеңілдіктері жиынтығының стандартты ұлттық салық жүйесінің фонында енгізу (табыс салығы басым) Шағын кәсіпорындар үшін корпоративті салықтың анағұрлым төмен мөлшерлемесін қолдану көптеген дамыған елдерде кеңінен таралған;
2) шағын бизнеске салық салудың ерекше (жеңілдетілген) режимдерін енгізу. Жеңілдетілген салық салу өндіру (алғытөлем және т.б босату, мерзімділігі) және оларды есептеудің (салық базасын анықтаудың жеңілдетілген әдістері мен есепті жүргізу тәсілдерін қоса алғанда) тәртібін бірмезгілде жеңілдету кезіндегі салықтардың барлық түрлерін шағын кәсіпорындар үшін сақталуын қарастырады.
Сингапур
Сингапурда бизнесті енгізу үшін заңнамалық түрде бекітілген және мүлтіксіз орындалуы тиіс болатын тікелей қызметті іске асыру және шағын кәсіпкерлікті ашудың жарамды шарттары құрылған. Кәсіпкерлікті қаржылық реттеу және ынталандырудың құралдарының бірі ретінде шетел капиталы мен инвестицияларын тартуға бағытталған жеңілдік салық заңнамасы болып табылады. Салық заңнамасымен табысты аударуға баждың күшін жоймау қарастырылады, экономикаға және т.б. ақшалай қаражатты салудың кепілдіктері қамтамасыз етіледі.
Сингапурда табысқа салық салудың бірреттік жүйесі қолданылады. Бұл дегеніміз, табыстан тек салық қана төленеді – корпоративтік. Одан кейін акционерлерге осы табыстан төленетін дивидендтерге салық салынбайды.
Канада
Канаданың салық заңнамасымен белгілі бір талаптарын сақтаған кезде шағын және орта бизнес кәсіпорындарына салық жеңілдіктері мен басқа да салық жеңілдіктері қарастырылған:
- Канаданың салық заңнамасы салық салу мақсатында «шағын бизнес» ұғымыга бірыңғай анықтама бермейді, бірақ «кішкентай» ұйымдарға бірқатар салық преференцияларын ұсынады;
- әдетте, салық преференцияларына қолжетімділік ұйымның мөлшеріне негізделе отырып беріледі;
- салық преференациялары ішінен көбі шағын бизнес үшін Канадада тіркелген тек жабық корпорациялар үшін ғана қолжетімді, оларды бақылауды белсенді коммерциялық қызметпен байланысты емес табыстарға қатысты бейрезиденттер немесе ашық канадалық корпорациялар жүзеге асырмайды, мысалы еңбек қызметінен келетін табыстарға ұқсас пассивті инвестициялар немесе жеке қатысушылардың табыстарынан түсетін пайда шағын бизнес үшін белгіленген салық мөлшерлемесі қолданылмайды.
Канадалық корпорацияларға арналған жалпымен белгіленген федералды салық мөлшерлемесі 29% пайыз мөлшерінде орнатылған, шағын бизнес субъектілері үшін Канадада белсенді коммерциялық қызметті енгізу кезінде кішкентай жабық корпорациямен алынған алғашқы 500 000 долл.табысқа қатысты 11% пайызға дейін төмендету қарастырылған. Осы салық жеңілдігін ұсыну мақсаты – белсенді қызметке ықтимал қайта қаржыландыру үшін салықты төлегеннен кейін қалатын табысты арттыру.
Оңтүстік Корея
Оңтүстік Кореяда шағын және орта кәсіпорындарында ІЖӨ шамамен 47% шығаратын барлық жұмыс істейтін адамдардың жалпы санынан 78% жұмысбасты, олардың үлесіне шамамен 42% экспорт келеді.
Мемлекет ШКС қомақты қолдауды көрсетеді, олардың ішінен негізгі құрал салық жеңілдіктері мен жеңілдіктер арқылы салық ауыртпалығын азайту.
Бүгінгі күні ШКС субъектілері үшін қарастырылған Оңтүстік Кореяда салық преференциялары қызметтің түріне байланысты беріледі.
Жалпы, Оңтүстік Кореядағы салық жеңілдіктері салықтарды азайту, салық жеңілдіктері және салықтан босатуды қамтиды. Ұйымдарға табыс салығы, заңды тұлғаларға табыс салығын төмендету қарастырылған.
11. Заң жобасын iске асырумен байланысты болжалды қаржылық шығындар
Заң жобасын іске асыру бюджеттен қосымша қаражат шығындарын талап етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |