Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Ата-аналарды мектептегі тәрбиелік жұмысқа қатыстыру құқығын



Pdf көрінісі
бет291/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Ата-аналарды мектептегі тәрбиелік жұмысқа қатыстыру құқығын 
жүзеге асыруда оны қолдау мақсатында ынтымақтастық педагогикасын 
дамытудың тиімді жүйесі
 
Педагогтар ата-аналармен жұмыс жасағанда оларды оқу-тәрбие процесіне 
ұдайы тартуға ықпал етеді. Оларды әртүрлі үйірмелер, спорттық секцияларды 
ұйымдастыру және т.б. жұмыстарға қатыстырады.
 
Сонымен бірге, ата-аналармен бірігіп, жүйелі бірді-екілі өткізілген 
сыныптық жұмыстардың тәрбиелік тұрғыда тиімділігі жоғары. Мысалы, бос 


256
уақыттарында отбасы мүшелері өздері қолдан жасаған бұйымдарын және т.б. 
заттарын көрсететін «Менің отбасым» «Менің отбасымның жетістіктері»
және т.б. тақырыптағы іс-шаралар өткізеді.
 
Педагогтардың ата-аналармен жұмыстарының жүйесі, оларды мектепке 
тартуды көздейді. Ата-аналар заңды түрде мектеп ұжымына кірмейді, бірақ 
олар мектеп жұмыстарын орнымен ұйымдастыруға педагогтармен бірдей 
атсалысады. Олар мектепке әлеуметтік тапсырыс берушілер, сондықтан олар 
мектеп өміріне белсене араласуы тиіс. Өздері ассоциация құра отырып, өзін-өзі 
басқару органдарын құра алады және мектептің кейбір мәселелерін өз 
беттерінше шеше алады. Олар мектептің ата-аналар жиналысы, ата-аналар 
комитеті және оның комиссиясы, секциялар және т.б. жұмысшы органдар 
болуы мүмкін. Сонымен бірге ата-аналар мектеп кеңесінің толық құқылы 
мүшесі де бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет