Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Ата-аналар жиналысы – сынып жетекшісінің ата-аналармен



Pdf көрінісі
бет293/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Ата-аналар жиналысы – сынып жетекшісінің ата-аналармен 
жұмысының негізгі формасы
 
Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы – ата-аналар жиналысы. 
Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, балалардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, 
оқу, тәрбие жұмысы және т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты 
жолдары қарастырылады. Сыныптың ата-аналар жиналысында ата-аналар 
комитеті, олардың төрағасы сайланады.
 
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар 
бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге,
ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары 
сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында
оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары 


258
белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. 
Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының
оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары балалар және ата-аналар 
комитетінің іс-жоспарларымен таныстырады.
 
Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың 
тәрбиелік мәні зор. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата-аналарды 
психологиялық-педагогикалық 
білім 
және 
тәжірибе 
жаңалықтарымен 
таныстыру, ой қорыту. 
 
Ата-аналар қауымының тұрақты органы – ата-аналар комитеті. Ол мектеп 
ұжымымен бірге, оқу-тәрбие және жұртшылық көмегін пайдалана отырып, оқу-
тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, 
оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар 
комитеті айналысатын басты мәселелерге мектеп және сыныптар бойынша ата-
аналар жиналыстары, конференциялар, семинарлар өткізуге көмектесу; 
үлгермейтін және қиын балаларды назарда ұстау, сынып жетекшілеріне 
көмектесу; үйірме жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын 
ұйымдастыру; экскурсия, жорықтарды ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін 
жөндеу және т.б. жұмыстар жатады.
 
Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен 
комиссия құрылып, мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым 
мүшелерімен одақтасып бірге басқарады (оқу-тәрбие жұмысы; педагогикалық 
насихат; қоғамдық пайдалы еңбек; мәдени көпшілік жұмысы және т.б.).
 
Ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс ата-аналар 
комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және 
конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті 
– ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол 
жалпы мектептік немесе сыныптық жиналыстарда сайланады. Ол 5-6 адамнан 
(өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын төрағадан және 4-5 мүшесінен) тұрады. 
Керек болған жағдайда, ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, 
комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
 
Дұрыс қызмет ететін ата-аналар комитеті – сынып жетекшісінің оң қолы. 
 
Сыныптағы ата-аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі 
тиімді әдіс-тәсілдері бар. 
Осы әдіс-тәсілдер арқылы сынып жетекшілері: 
а) ата-аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға;
 
ә) психология мен педагогиканың түрлі проблемаларына қызығушылығын 
арттыруға;
 
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба 
алуға көмектеседі.
 
Сыныптағы ата-аналар жиналысының басты мақсаты – бүкіл сынып
ата-аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы 
және сынып жетекшісінің ата-аналар жүрегіне жол табу әдісі болып есептеледі.
 
Сынып жетекшісінің
 
ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарының бағыты – 
жалпымектептік ата-аналар комитеті, сыныптар бойынша ата-аналар комитеті, 
«Әкелер» мектебі, «Аналар» мектебі, Ата-аналар университеті (88-сурет).


259


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет