261
қалыптасады. Балаларды тәрбиелеуші ортаға – отбасы, балабақша, мектеп және
т.б. жатады. Ал, тәрбиелеуші мүшелер (ата-ана, сынып жетекшісі және т.б.)
балаларға тәрбие беруде жетекшілік қызметті атқаруы тиіс. Ата-ана өз
балаларының жан дүниесін жақсы түсініп, оларға отбасында дұрыс та тиімді
тәрбиелік орта тудыруы үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі мен білігін ұдайы
көтеріп отыру қажеттілігін өздері түсінуі қажет.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен бірлесіп өткізетін іс-шаралары:
- ата-аналар жиналысын ұйымдастыру;
- ата-аналар комитетін құру;
- ата-аналар белсенділерімен жұмыс істеу;
- ата-аналар үшін әңгіме, дәрістер ұйымдастыру;
- ата-аналар үшін конференция өткізу және т.б.
Педагогикалық білім университеті
–
ата-аналарға психологиялық-
педагогикалық білім беру формасы.
Ата-аналарды қажетті біліммен, негізгі
педагогикалық мәдениетпен қаруландырып, олардың жас ерекшеліктері мен
қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие берудің
өзекті мәселелерімен
таныстырады. Ата-аналардың қалың көпшілікпен, отбасының мектеппен
қарым-қатынас жасауын, сондай-ақ тәрбие жұмыстарын жүргізуде ата-аналар
мен сынып жетекшісінің өзара әрекеттестігіне мүмкіндік жасайды.
Конференция
–
бала тәрбиесі жөніндегі білімді кеңейту,
тереңдету және
бекітуді көздейтін педагогикалық білім беру формасы. Конференциялар
жылына бір рет өткізіледі, олар жақсы даярлықты және ата-аналардың белсенді
араласуын талап етеді.
Конференция әдетте мектеп директорының (жалпы мектептік болса)
немесе сынып жетекшісінің (сыныптық болса) кіріспе сөзімен ашылады.
Ата-аналар отбасы тәрбиесінде жинақтаған тәжірибелері бойынша алдын ала
қысқаша дайындалған хабарламасымен таныстырады (3-4 ата-ана).
Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады.
Мысалы «Балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ынтымақтастығы».
Сонымен бірге бала тәрбиесі жайлы кейбір ата-аналардың: «Үйге берілген оқу
тапсырмасын орындауда балама қалай көмектесемін?», «Отбасында бала бос
уакытын қалай пайдалану керек?» сияқты тақырыптарда баяндамалары
тыңдалады.
Содан кейін сөйлегісі келетін адамдарға сөз беріледі.
Конференцияны
жүргізуші қорытындылайды.
Практикум
–
балаларды тәрбиелеу, педагогикалық жағдаятты тиімді
шешу бойынша ата-аналарда педагогикалық біліктіліктің қалыптасу формасы.
Педагогикалық практикум барысында сынып жетекшісі қандай да
болмасын қайшылықты жағдаяттан шығу жолдарын ұсынады және жағдаяттағы
өзінің ұстанған бағытын түсіндіреді.
Дәріс
–
қандай да болмасын тәрбиелеу проблемасының мәнін ашатын
психологиялық-педагогикалық білім беру формасы. Жақсы лектор –
ата-аналардың мүдделерін,
проблемаларын, олардың балаларға көрсететін
қамқорлықтарының сипатын білетін ұстаз-тәрбиешінің өзі. Дәріс оқудағы
басты нәрсе – тәрбиелік оқиғаларға, жағдаяттарға ғылыми талдау жасау.
262
Сондықтан дәрісте оқиғаның пайда болу себептеріне,
олардың болу ретіне,
балалардың іс-әрекеттерінің тетіктеріне, олардың психикасын дамыту
заңдылықтарына, отбасы тәрбиесі ережелеріне жеке тоқталу қажет.
Дәрістің ең қажетті шарттарының бірі – отбасы тәрбиесі бойынша
жинақталған тәжірибеге сүйену. Дәріс барысында қарым-қатынас жасау әдісі –
еркін әңгімелесу, пікіралмасу, ойлары бір адамдардың диалогы.
Педагогикалық пікірталас
–
педагогикалық мәдениетті көтерудің қызықты
формасы. Оның басты ерекшеліктері – қойылған міндетті шешуге барлық
балаларды
қатыстыруға, жинақталған дағдылар мен тәжірибелерге сүйене
отырып, фактілер мен құбылыстарды жан-жақты талдау біліктерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі. Пікірталастың басты принципі – кез
келген қатысушының ұстанған бағыты мен пікіріне деген сыйластық.
Пікірталас тақырыбы мектеп пен отбасы тәрбиесіндегі талас тудыратын
кез келген проблема бола алады.
Отбасыларға бару
–
сынып жетекшісінің ата-аналармен жеке жұмыс
жүргізуінің тиімді формасы. Отбасына барғанда сынып жетекшісі баланың өмір
сүру жағдайымен танысады. Ата-аналармен баланың мінезі,
қызығушылығы,
бейімділігі, ата-анаға және мектепке деген қарым-қатынасы жөнінде
әңгімелеседі, оларды балаларының жетістіктері жөнінде хабардар етеді, үй
тапсырмасын орындауды ұйымдастыру бойынша кеңестер береді және т.б.
Ата-аналармен
хат
жазысу
(электронды
пошта
арқылы)
Достарыңызбен бөлісу: