Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет297/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

 

ата-аналарға олардың балаларының жетістіктері туралы жазбаша ақпарат беру 
формасы. Бұл жағдайда ата-аналарды алда бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге 
тартуға және оларға бала тәрбиесі бойынша ақыл-кеңестер беруге болады. 
Мұндай хат алысудың басты шарты – көңілді де жақсы қарым-қатынас жасау.
 
Ата-аналармен хат жазысуға баланың күнделік дәптері пайдаланылады. 
Сынып жетекшісі оған баланың оқуға, қоғамдық жұмысқа қатысты тәртібі 
туралы қысқаша жазып отырады.
 
Дегенмен, мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының нәтижелі 
болуы, көбінесе педагогикалық тұрғыдан таңдалған қарым-қатынас пен өзара 
іс-әрекет формасына байланысты. 
Ол үшін төмендегідей жағдайларды ескеру 
қажет: 
1.
Балаға қатысты жағымды қарым-қатынастың болуы.
 
2.
Сынып жетекшілердің ата-аналар тарапынан болатын кеңестерге өте 
мұқият назар аударуы.
 
3.
Бала тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстың себебін бірлесіп 
анықтауы, талдауы және оны жоюдың тәсілін бірге қарастыруы.
 
4.
Сынып 
жетекшілердің 
ата-аналармен 
қарым-қатынасында 
педагогикалық әдептің, этиканың қатаң сақталуы.
 
Олай болса, сынып жетекшісі және ата-аналардың өзара жағымды
қарым-қатынасын ұйымдастыруға сай жоғарыда аталған жағдайлардың
межеге 
айналуы, 
бала 
тәрбиесіндегі 
олардың 
өзара 
тәрбиелік, 
ұйымдастырушылық іс-әрекетінің біртіндеп жоғары деңгейде нәтижелі 
болуына септігін тигізеді.


263
Отбасы, мектеп, мектепке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар және 
жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары –
бұлардың бәрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын
ерекше «тәрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп 
тәрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға 
ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне 
ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, әрқилы бірлестік топтар
бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың
өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал 
тәуелділігінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет