Ата-аналармен жүргізілген тренингке өзін-өзі талдау "Бір-бірімізді түсінуге үйренеміз" Тренингке 7 «А» сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Саны: 20
Ұзақтығы: 40 минут
Мерзімі: 17.01.2023 ж.
Тренинг мақсаты: ата-аналардың психологиялық ахуалдарын жақсарту, жағымды қарым-қатынас орнату.
Тренинг барысында «Таныстыру», «Комплимент», «Қолдар» жаттығулары орындалды, топ мүшелеріне қазіргі көңіл-күйлеріне сәйкес өздеріне ұнайтын кез келген түсті гүл жапырақшасын таңдау ұсынылды. Бұл жапырақшаға әрқайсысы өз атын өзі қалаған пішінде жазды. Тренинг барысында қатысушылар бір-біріне аты-жөнін айтып, «Менің ойымша», «Мен сезінемін» өрнектері арқылы өз атынан сөйледі.
Сондай-ақ балаға ата-ананың қолдауы мен сенімді қолы қажет екенін ұғындыру үшін «Балалық шақ» музыкалық сүйемелдеуімен автотренинг қолданылды. Сол ата-ана махаббатын бала үнемі көріп, сезінсе, одан да көп бақыт әкеледі.
«Отбасындағы балалар» бейнеролигін көргеннен кейін әрбір қатысушы осы оқиғаны талдап, өз пікірін білдірді.
Қорытындылай келе, әрбір ата-ананың баласына деген міндеті – сүйіспеншіліктің, қамқорлықтың, рухани мейірімімен жылытуының көрінісі екен, деген жалпы қорытындыға келдік.
Сабақтың соңында, қатысушыларға шырақ жарығымен қоштасу ұсынылды, онда барлық жиналғандар бір-біріне еңбектері үшін алғыс айтып, шырақты бірауыздан сөндірді.
Бірлескен іс-шаралар барысында, жиналғандар бір-біріне өз пікірлерін білдіре отырып, барлығының көзқарасын тыңдап, ортақ бір шешімге келгенін атап өткім келеді.
Жалпы, кездесудің нәтижесі оң деп бағаланды. Барлық қатысушылар мұндай тренингтердің қажеттілігін, олардың отбасындағы тұрақты, оң нәтижелі қарым-қатынасты сақтауға көмектесетін, жағымды қарым-қатынас орнатудағы пайдасы туралы айтты. Қатысушыларға «Бала тәрбиесі бойынша ата-аналарға арналған жадынама» ақпараттық материалы ұсынылды.
Ш.Беркімбаева атындағы Алматы қыздар мектеп-лицей-интернатынының педагог-психологы: Сулиева М.И.