ТК ОБ 042-18-16.1.9/01-2016
|
Басылым №1 08.09.2016ж.
|
беттің - шісі
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
СМЖ 3 дәрежелі құжаты
|
ТК ОБ
|
ТК ОБ
042 – 18.1.9 / 01-2016
|
Таңдау компонентінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
|
Басылым № 1
08.09. 2016ж.
|
Таңдау компонентінің
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
|
Психология тарихы
5В050300 - Психология
Кафедра: Психология
Курс: 1
Кредиттер саны: 4
Барлық сағат: 180
Дәрістер: 30
Семинар (тәжірибелік) сабақтар: 30
Зертханалық сабақтар -
БӨЖ: 120
Емтихан: 2 семестр
Семей 2016
Алғысөз
«Психология тарихы» таңдау компонентінің бағдарламасы 5В050300 – Психология мамандығы студенттеріне арналған. Пәнді оқу барысында студенттер психология тарихының өзекті проблемаларымен, зерттеу әдістері мен әдіснамалық мәселелерімен танысады, психология тарихындағы бағыттар мен мектептердің, ағымдардың қалыптасып дамуы тарихымен танысады.
1 КЕЛІСІЛДІ
Құрастырушы
Едігенова А.Ж. – психология кафедрасының доценті м.а., п.ғ.к.
Хаттама №1 31.08.2016 2016жыл.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Кафедра отырысында «Психология»
Хаттама №1 31.08. 2016 жыл
Кафедра меңгерушісі __________ Г.К.Джумажанова
2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында
Хаттама №1 31.08. 2016 жыл
Төрайымы ______ Абишева Ш.Ш.
3 БЕКІТІЛДІ
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінде мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №1 08.09. 2016 жыл
ОӘК төрайымы, оқу-әдістемелік істері жөніндегі проректор
_____________ Г.К.Искакова
АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ Басылым №1 08.09.2016 ж.
Мазмұны
1. Түсіндірме жазба
2. Кіріспе
3. Пәннің негізгі бөлімдері
4. Зертхана (тәжірибелік), семинар сабақтардың тақырыбының тізімі
5. Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі
6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1. Түсіндірме жазба:
«Психология тарихы» таңдау компонентінің бағдарламасы 5В050300 – Психология мамандығы студенттеріне арналған.
Таңдау компоненті (БП ИЛИ КП) пәнінің оқу бағдарламасы білім беру саласындағы өкілетті ұйымы бекіткен құжаттар негізінде дербес әзірленді:
- Жоғары білім ҚР МЖБС 23.08.2012 ж. №1080 (№292, 13.05.2016ж. және ҚР БҒМ Бұйрық №3, 16.08.2013ж. №343; өзгерген бұйрық ҚР БҒМ № 42505.07.2016ж.);
- Таңдау пәні оқу бағдарламасы;
- Құжатталған рәсім «Пәннің оқу бағдарламасы (силлабустың)және таңдау компоненті оқу бағдарламасыныңқұрылымы және рәсімдеуге қойылатын талаптар» ДП 042-1.09-2016.
Пәнді оқу мақсаты: студенттерді психология тарихының өзекті проблемаларямен, зерттеу әдістері мен әдіснамалық мәселелерімен таныстыру. Психология тарихындағы бағыттар мен мектептердің, ағымдардың қалыптасып дамуын және хронологиясын білу.
Пәнді оқу міндеттері:
психология тарихы туралы білімдерін қалыптастыру;
басқа психологиялық пәндерден алған білімдерін жүйелеу.
психология ғылымының даму логикасын түсіндіру.
Осы оқу курсында әлемдік және отандық тарихтың, философияның, көркем әдебиет өмірбаяндық әдебиеттердің, өнердің материалдарын пайдалану қажет. Сондықтан, курс студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық циклдегі (философия, Қазақстан тарихы, мәдениеттану ) сәйкес пәндерді оқып білуімен тығыз байланысты.
Құзыреттіліктер (оқыту нәтижелері):
пәнді оқу нәтижесінде білім алушы білуі қажет:
- Қазіргі заманғы отандық және шетелдік психологияның тарихи негіздерін білуі керек;
- Психология тарихының әдіснамалық негізін білуі керек;
- Психология тарихы саласын оқып-зерттеудің әдістерін қолдана алуы керек;
- Психология тарихының методологиялық, теориялық және әдістемелік негіздерін түсінуі керек;
- Психология тарихының негізгі бағыттарын, теорияларын және психологиялық концепциялардың қазіргі заманғы даму тенденцияларын түсінуі керек;
- Психология тарихының әдістемелерін қолдану тәжірибесін жинақтауы керек;
- құзыретті болу: психология тарихы бойынша ғылыми әдебиеттермен жұмыс жасау және іздестіру дағдыларын меңгеруде;
- психологиялық тарихи фактіні талдауда өз позициясын ғылыми дәлелдеуде.
2. Кіріспе
Психология тарихы психологиялық білімдер жайлы көзқарастардың пайда болуын, психология пәнінің өзгеруіне байланысты психологиялық ғылымдардың дамуын, сондай-ақ психикалық құбылыстардың табиғаты жайлы мәселелерді қарастырды. Психология тарихы оның негізін салушы ізашаралардың ғылыми мураларын ұқыпты, құнттап қарауға, одан ғылымның әрі қарай дамуына қажет өшпес идеяларды алуға, ғалымдардың жаңқиярлық еңбектерін бағалауға үйретеді. Психология тарихын зерттеу арқылы бүкіл психологиялық болмысты жүйелі қарастыру қалыптасады және ғасырлар бщйы дамып келген әрі қазіргі психологияның ұғымдар аппаратына енген ғылымның негізгі категорияларын меңгеру жүзеге асады.
Курс шетелдік психологиямен бірге отандық психологиямен бірге отандық психология тарихында қамтиды. Арнайы түрде Шығыс, соның ішінде, Қазақстан ойшылдарының психологиялыұ көзқарастарына көңіл аударылады. ТМД елдеріндегі психологияның қазіргі жай-күйі көбінесе кеңестік кезеңде жасалған зерттеулермен анықталады, сондықтан психология тарихы курсында отандық психологиялық ғылымдарының дамуына марксизмнің әсері де көрсетіледі.
Сонымен, осы курс беретін білім студенттің практикалық жағынан дайындалынғының дәрежесін өсіреді, өйткені негізгі психологиялық әдістер туралы білім береді, зерттеудің мақсатына сәйкес әдістің дұрыс таңдауын үйретеді, экспериментті дұрыс түрде қалыптастыруы туралы, алынған мәліметтерді талдап интерпретациялау туралы білім береді.
3. Пәннің негізгі бөлімдері:
1. Модуль 1. Психологияның өте ертеден даму тарихы.
2. Модуль 2. Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасуы.
4. Зертхана (тәжірибелік), семинар сабақтардың тақырыбының тізімі
Таблица 1
Тақырып атауы мен мазмұны
|
Сағат саны
|
Дәріс сабақтары
|
Модуль 1. Психологияның өте ертеден даму тарихы.
Психология тарихы пәніне кіріспе.
Психология тарихы пәні, мақсаты мен міндеттері. Психологияның даму кезеңдерінің жалпы сипаттамасы. Психологияның дамуының негізгі факторлары және жағдайлары.
|
2
|
Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой-пікір.
Ежелгі Шығыстағы ой-пікірлердің дамуы. Дін мен мифологиядағы психика туралы көзқарастар. Ежелгі сақтар түсінігіндегі психика мәселесі.
|
2
|
Антикалық психология.
Антикалық кезеңдегі психологияның жалпы сипаттамасы. Алғашқы антикалық теориялардың қалыптасуы. Платонның жан мен таным туралы ілімі. Аристотельдің жан мен оның құрылымы туралы ілімі.
|
2
|
Орта ғасыр мен Қайта өркендеу дәуіріндегі психология.
Ортағасырдың басты сипаттамасы. Психологияның діни философия шеңберіндегі дамуы. Орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар.
Қайта өркендеудегі психологиялық көзқарастар
|
2
|
IV -XI ғасырдағы Европалық психология
Буржуазиялық дәуірдің жалпы сипаты. Августин Авреля ойлары. Р.Декарттың ілімдері. Араб психологиясының дамуы. ХII ғасырдағы психология дамуы.
|
2
|
Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы.
Жаңа дәуірдегі психологияның жалпы сипаттамасы. Жаңа дәуірдің теориялары. Рационализм және сенсуализм.
|
2
|
ХVIII - ХIХ ғасырдағы психологияның дамуы.
Англиядағы ассоциативтік психология. Ассоциативті психологияның теориялары. Француз психологиясының даму тарихы. Неміс психологиясының даму.
|
2
|
Модуль 2. Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасуы.
Психологияның дербес ғылым ретіндегі қалыптасуы.
Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің табиғи- ғылыми алғышарттары.
Э.Герингтің есту түйсіктері теориялары. И.М Сеченов, И.П. Павлов теорияларының ықпалы..
|
2
|
Эксперименттік психологияның қалыптасуы.
В.Вунттың өмірі. Оның психологияның ғылым ретіндегі дамуына қосқан үлесі мен рөлі. Эксперименттік психологияның қалыптасуы.
|
2
|
Психологиядағы XIX-XX ғасыр шебіндегі теориялық тұжырымдамалар.
Жаңа психологиялық теориялардың қалыптасуы. Функционализм ағымдарының қалыптасуы.
|
2
|
Психологиядағы XIX-XX ғасырдағы қазақ психологиялық көзқарастар дамуы
ХIХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының психологиялық идеялары. Қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары.
|
2
|
ХХғ. – Бихевиоризм және гештальт психология.
Психологиядағы дағдарыс. Бихевиоризмнің жалпы сипаттамасы. Гештальт психологиясының сипаттамасы.
|
2
|
XX ғасырдағы теориялар дамуы.
З.Фрейдтің психоанализі. Психоанализ принциптерінің негізгі түсініктері. З.Фрейд психоанализінде жеке тұлға құрылысы. А.Адлердің даралық психологиясы. К.Г.Юнгтің психологиясы. XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ғұламалары мен қоғам қайраткерлерінің психологиялық пікірлері.
|
2
|
Кеңес одағы тұсындағы психологияның дамуы.
Ресей психологиясының дамуының жалпы сипаттамасы. Кеңес психологтардың 18-19 ғ. жалпы психология саласындағы негізгі жетістіктер. Кеңестік Қазақстандағы психология ғылымы.
|
2
|
Қазіргі психология ғылымы.
Шетелде, Ресейде қазіргі психологияның дамуы тарихы. Қазіргі Қазақстандағы психологиялық ғылымдар дамуы.
|
2
|
Тәжірибелік (семинар) сабақтары
|
Модуль 1. Психологияның өте ертеден даму тарихы.
Өте ертедегі психика туралы көзқарастар
Дін мен мифологиядағы психика туралы көзқарастар. Ежелгі сақтар түсінігіндегі психика мәселесі.
|
2
|
Ежелгі Шығыстағы психологиялық ой-пікірлер.
Ежелгі Қытай, үндістан, Мысыр елдеріндегі алғашқы ойлардың дамуы. Евроцентризмді сынау. Қазақстандағы халықтық психологияның дамуы. Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары.
|
2
|
Антикалық психология.
Гераклиттің жан туралы, жалпы заңдары жайлы идеялар. Платонның жан мен таным туралы ілімі. Аристотельдің жан мен оның құрылымы туралы ілімі. Антикалық кезеңдегі психология дамуының нәтижесі.
|
2
|
Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі психология.
Орта ғасырдың сипаттамасы. Психологияның діни философия шеңберіндегі дамуы. Орта ғасырдағы психологиядағы материалистік идеялардың дамуы. Қайта өрлеу дәуіріндегі психологиялық ойлардың дамуы. Қазақ хандығы тұсындағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы.
|
2
|
XVII ғасырдағы Европалық психология
Буржуазиялық дәуірдің жалпы сипаты. Ф.Бэконның эмпирикалық әдіснаманы негіздеуі. Р.Декарттың жан құмарлығы туралы ілімі. Б.Спинозаның таным мен қабілеттілік туралы ілім. ХII ғасырдағы психология дамуының нәтижесі.
|
2
|
Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы.
Д. Гартлидің ассоциативті психологиясы туралы түсінік. Д.Юм ассоциация түсінігі туралы. Дж. Беркли еңбектерінде сана мәселесі.
|
2
|
ХVIII - XIX ғасырдағы психологияның дамуы.
Англиядағы ассоциативтік психология. Энциклопедистер адам мен психика туралы. К. Гельвеции, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидроның психологиялық көзқарастар. Неміс психологиясының дамуы. И.Гербарттың психологиялық ойлары. Г.Спенсердің Д.Миллидің психологиялық көзқарастарының дамуы. А.Беннің, Т.Браунның теориялары.
|
2
|
Модуль 2. Психологияның жеке ғылым ретінде қалыптасуы.
Психологияның дербес ғылым ретіндегі қалыптасуы.
Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің табиғи- ғылыми алғышарттары.
Э.Герингтің есту түйсіктері теориялары. И.М Сеченов психолог ретінде.
В.Вундт және оның психологияның ғылым ретіндегі дамуына қосқан үлесі мен рөлі.
|
2
|
Психологиядағы XIX – XX ғасыр шеңберіндегі теориялық тұжырымдамалар
Ф.Брентаноның психологиялық теорияларының қалыптасуы. Т. Рибо психологиялық теориясы.
|
2
|
XIX ғасырдың екінші жартысы мен мен XX ғасырдың басындағы сараптау психологиясының дамуы.
Д.М .Кэттелдің психологиялық лабороториясындағы даралық ерекшіліктер, оқу дағдылары салаларындағы зерттеулер. А.Ф.Лазурскийдің тұлға психологиясына үлесі.
|
2
|
Бихевиоризм және гештальт психологисының қалыптасуы (ХХғ.).
Психологиядағы дағдарыс. Бихевиоризмнің психология пәні мен міндеттерін жаңаша түсінуі, ұғынуы. Гештальтпсихологиясы. В.Дильтей мен Э. Шпрангердің сипаттау психологиясы, оның түсіндірме психологиясына қарсы тұруы. Торндайктің теориясы. Уотсонның теориясы. Әлеуметтік үйрену теориялары. Левиннің теориялары.
|
2
|
XX-ғы психологияның жаңа бағыттары. Құрылымдық мектеп. Вюрцбург мектебі: америкалық психологиядағы функционализм. Когнитивті психология: Миллер және Келли, Леонтьев, Лурия, Запоржецтың іс-әрекет теориясы. Француз психологиялық мектептерінің қалыптасуы.
|
2
|
XX ғасырдың екінші жартысындағы психологияның жаңа бағыттары
Психоанализ сипаттамасы. Фрейт теориясының мәні. К.Хорнидің психологиядағы тұлға түсінігі. К.Юнг, А.Адлер, Э.Фромм, Э.Эриксон, В.Райх теорияларының дамуы. Гуманистік психологияның сипаттамасы. Г.Олпорт, А.Маслоу, К.Роджерс, В.Франкл теорияларының дамуы және қалыптасуы. Генетикалық психологияның дамуы. Ж.Пиаже, Д.С.Брунер теориялары. Когнитивтік психологияның сипаттамасы. Д.Миллер, У.Найссер, Г.Келли теорияларының сипаты.
|
2
|
Кеңес одағы тұсындағы психология
Ресей психологиясының тарихы. Даму тенденциялары. Бехтерев, Выготский, А.Лурия т.б. теориялары. Сеченов, Павлов теориялары. 20 ғасырдың 20-40 жылдарындағы психологияның дамуы: Ухтомский, Бернштейн, Корнилов, Блонский т.б. 20 ғ. екінші жартысындағы психология: Б.Ананьев, В.Мясищев, С.Рубинштейн,Б.Теплов т.б.
|
2
|
XIX - XX ғасырдағы қазақ ғұламаларының психологиялық көзқарастары
Қазақ ағартушыларының көзқарастарының дамуы. Қоғам қайраткерлерінің психологиялық ой-пікірлері. Кеңестік Қазақстандағы психологияның дамуы. Қазіргі жағдайда психологиялық ғылымдардың дамуы.
|
2
|
5 Білім алушылардың өзіндік жұмысының тақырыптарының тізімі:
1. Ежелгі Шығыстағы ой-пікірлердің дамуы.
2. Дін мен мифологиядағы психика туралы көзқарастар.
3. Ежелгі сақтар түсінігіндегі психика мәселесі.
4. Платонның жан мен таным туралы ілімі.
5. Аристотельдің жан мен оның құрылымы туралы ілімі.
6. Августин Авреля ойлары.
7. Р.Декарттың ілімдері.
8. Ф.Бэконның эмпирикалық әдіснаманы негіздеуі.
9. Б.Спинозаның таным мен қабілеттілік туралы ілім.
10. Қазақ хандығы тұсындағы психологиялық ой-пікірлердің дамуы.
11.Д. Гартлидің ассоциативті психологиясы туралы түсінік.
12. Д.Юм ассоциация түсінігі туралы.
13. Дж. Беркли еңбектерінде сана мәселесі.
14. К. Гельвеции, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидроның психологиялық көзқарастар.
15. Англиядағы ассоциативтік психология.
16.Француз психологиясының даму тарихы.
17. Функционализм ағымдарының қалыптасуы.
18. Рационализм және сенсуализм.
19. Неміс психологиясының даму.
20. И.Гербарттың психологиялық ойлары.
21. Г.Спенсердің Д.Миллидің психологиялық көзқарастарының дамуы. А.Беннің, Т.Браунның теориялары.
22. Бихевиоризм және гештальт психологисының қалыптасуы (ХХғ.).
23. Психоанализдың дамуы З.Фрейд теориясы. К.Хорнидің психологиядағы тұлға түсінігі. К.Юнг, А.Адлер, Э.Фромм, Э.Эриксон, В.Райх теорияларының дамуы.
24. А.Ф.Лазурскийдің тұлға психологиясына үлесі. Бехтерев, Выготский, А.Лурия т.б. теориялары.
25. 20 ғасырдың 20-40 жылдарындағы психологияның дамуы: Ухтомский, Бернштейн, Корнилов, Блонский т.б.
26. 20 ғ. екінші жартысындағы психология: Б.Ананьев, В.Мясищев, С.Рубинштейн,Б.Теплов т.б.
6. Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Негізгі әбдебиеттер:
1. Жарықбаев Қ. Психология:Оқулық..-Алматы.,2010.
2. Жарықбаев, Қ. Жантану негiздерi. - Алматы, 2002.
3. Жакупов С. Жалпы психология. – Алматы, 2011.
4. Жарықбаев Қ. Психология: энциклопедиялық сөздік /Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев. - Алматы: Қазақ энциклопедия, 2011.
5.Намазбаева Ж.Ы. Орысша-қазақша психологиялық сөздік. - Алматы, 2005.
6. Намазбаева Ж.И. Психология (на каз.яз). - Алматы,2005.
7.Бап-Баба С. Жантану негіздері: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы .-Алматы, 2011.
8.Бап-Баба, С. Мың да бір тест жалпы психология бойынша. - Алматы,2003.
9. Немов Р.С. Учебник для студентов высших пед. учебных заведений.
Т1.(Общие основы психологий) – Москва,2003.
10. Рубинштейн С.П. Основы общей психологии. - СПб., 2005.
11. Петровский А.В., Ярошевский М. Психология.-Москва, 2002.
12. Гиппенрейтер Ю.Б, Введение в общую психологию.-Москва, 2000.
Қосымша әдебиеттер:
1. Аймауытұлы Ж. Психология.-А.:Рауан, 1995.
2. Гамезо М.В., Домашенко И.Л. Атлас по психологии. – М.,1998.
3. Общая психология (Курс лекции)./Сост. Е.И.Рогов. – М., 1995.
4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологий. – СПБ., 1999.
5. Столяренко Л.Д. Основы психологии. - Ростов - на - Дону, 1996.
6. Тәжiбаев Т. Жалпы психология. - Алматы, 1993.
Достарыңызбен бөлісу: |