Ғалым Л. С. Выготский атаған бала бойындағы кемістігін толықтырудың ерекшеліктері



Дата29.12.2021
өлшемі10,93 Kb.
#106393
Байланысты:
Документ2001
Документ2001, ПИЗА әдістемелік құрал

Ғалым Л.С.Выготский атаған бала бойындағы кемістігін толықтырудың ерекшеліктері.

Выготский Лев Семенович (1896-1934) Көрнекті психолог ғалым Л.С.Выготский 1896 жылы 5 қарашада қазіргі Витебскі обылысы Орша қаласында (бұрынғы Могилев губерниясы) туған.

Ата-анасы білімді,шетел тілдерін жақсы меңгерген адамдар болған. Отбасы мен әулетінің тағылымы мен өнегесіне жастайынан қаныққан Выготский өзінің қысқа өмірінде зеректігі мен ынталығына орай ғалым мен өнердің сан-саласынан әр тарапты терең білім алып, өз дәуірінің озық ғалымы және ардақты азаматы болып жетілді.

Лев Семенович Выготский:." Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі-бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі-кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері". деп атап көрсетеді. Сондай-ақ ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді , ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.

Л.С.Выготский. Адам ағзасындағы кемтарлықты зерттей келе: "Адам бойындағы кемістігін сезініп, өзінің қоғамда алатын орнын белгілеуге ұмтылады. Бұл оның психикалық дамуындағы қозғаушы күшін жандандырып, бойындағы кемістігін жеңуге итермелейді. Оның бойында жасырын жатқан қаблеттері жанданып, бойындағы кемістіктерін мүмкіндігін ше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп, кемістік есесін толықтырып, мүгедектік деңгейін төмендетуге бағытталады" деген тұжырымға келген.

Кеміс балаларға тәрбиеші, ата-аналар тарапынан білім беріп эмоцияналды жетілулеріне шығармашылық жұмыстарды ғана жүргізген жеткіліксіз. Сонымен қатар баланың эмоцияналды дұрыс жетілуі үшін өзінің тілегінің талпынысының болуы қажет.



Дайындағын: Ардаққызы Құралай. МО

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет