Тәрбие жұмысының бағыттары: рухани-адамгершілік, еңбек, құқықтық, дене, денсаулық сақтау, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, азаматтық және толеранттық Тәрбие жұмысының бағыттары 9-суретте берілді.
Сурет-9. Тәрбие жұмысының бағыттары Адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаты – моральдық жағынан кіршіксіз
таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны
даярлау.
Мораль дегеніміз – адамдардың мінез-құлқының тарихи қалыптасқан
ережелерінің жиынтығы. Бұл ережелер жақсылық пен жамандық, әділеттілік
пен әділетсіздік, абыройлық пен абыройсыздық, ар-намыс, ар-ождан деген
ұғымдардың тұрғысынан қарағандағы, адамдардың мінезі мен іс-әрекетін
бағалаудың өлшеуіші болып табылады.