4-бап. Балалардың тең құқықтылығы
1.
Тегіне, нәсіліне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және
мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына,
тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе
басқа заңды өкілдеріне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала
тең құқыққа ие.
2.
Некеден және некесіз туған балалар тең әрі жан-жақты қорғауды
пайдаланады.
5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу
1.
Қазақстан Республикасының заңдарына белгіленген жағдайларды
қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.
2.
Баланың құқықтарын шектеуге бағытталған нормативтік құқықтық
актілер олардың қабылданған кезінен бастап жарамсыз болып табылады және
олар қолданылмауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |