11)
мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар – мемлекет
белгілеген әлеуметтік қызмет көрсетулерді, нормалар мен нормативтерді
қамтитын, балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер;
12)
өмірде қиын ахуалға тап болған балалар – қалыптасқан
мән-жайлардың салдарынан тіршілік етуі бұзылған және бұл мән-жайларды өз
бетімен немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді – Қазақстан Республикасының 2005.04.13. №40 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен. 2-бап. Осы Заңның қолданылуы 1.
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
2.
Осы Заңның бала құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының
күші кәмелетке толғанға дейін Қазақстан Республикасының заң актілеріне
сәйкес азаматтық әрекет қабілеттілігін толық көлемінде алған балаларға
қолданылмайды (
РҚАО-ның ескертуі: қараңыз. ҚР АК (
17-баптың 2-тармағы ).