353
келіп түседі және олар баланы күтіп-бағуға, оған білім беруге және оны
тәрбиелеуге жұмсалады
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз (5-бөлім).
2.
Әрбір баланың заңдарда белгіленген тәртіппен өз бетінше немесе өзінің
заңды өкілдері арқылы мәмілелер жасауға, банктерде салымы болуға және
жалақысына, стипендиясына немесе өзге де кірістеріне және интеллектуалдық
меншік құқығы объектілеріне билік етуге, өзге де мүліктік құқықтарды
иемденіп алуға және оларды жүзеге асыруға құқығы бар
(РҚАО-ның
ескертуі: қараңыз 22-25-баптар).
3. Ата-аналар немесе заңды өкілдер баланың жәрдемақысын немесе
материалдық көмек ретінде мемлекет бөлген ақшалай қаражатты баланың
атына банкке салуға құқылы.
4. Әрбір баланың өзі тапқан табысқа, өзі сыйға немесе мұра ретінде алған
мүлікке, сондай-ақ баланың қаражатына сатып алынған басқа да кез келген
мүлікке меншік құқығы бар.
5. Өз еңбегімен табыс табатын бала, егер ол ата-анасымен бірге тұратын
болса, отбасын асырауға жұмсалатын шығындарды бөлісуге қатысуға құқылы.
Баланың өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікке билік ету құқығы
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен айқындалады.
Достарыңызбен бөлісу: