11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға құқығы 1.
Әрбір баланың сөз бостандығына және өз пікірін айтуға, ар-ождан
бостандығына, өзінің қоғамдық белсенділігін дамытуға, жасына сәйкес ақпарат
алуға және оны таратуға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ басқа да
коммерциялық
емес
ұйымдардың
нысандарына
және
Қазақстан
Республикасының заңдарымен рұқсат етілген бейбіт жиналыстарға өз еркімен
қатысуға құқығы бар.
2.
Мемлекеттік органдар балалардың жеке адами тұлғасын, олардың
шығармашылық бейімділігін, әлеуметтік белсенділігін, ғылыми, техникалық
және көркем шығармашылығын дамытуды, олардың интеллектуалдық меншігін
қорғауды, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауды, қоршаған табиғи
ортаны, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғауды өзіне мақсат тұтатын,
қайырымдылық істеріне қатысатын, мәдени және спорттық өмірге қатысуға
тартатын, демалысты ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдарға жәрдемдеседі.