14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы 1.
Әрбір баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес
тұрғын үйге құқығы бар.
2.
Жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және тәрбиелеу,
емдеу және басқа да мекемелердегі баланың тұрғын үй-жайға меншік құқығын
немесе тұрғын үй-жайды пайдалану құқығын сақтайды, ал құқығы болмаған
жағдайда Қазақстан Республикасының тұрғын үй туралы заңдарына сәйкес
тұрғын үй-жай алуға құқығы бар
(РҚАО-ның ескертуі: қараңыз (9-10 тараулар). 3.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, оның ішінде жетім
балаларды оларға басқа үй-жай берілмейінше, олар тұрып жатқан тұрғын үйден
шығаруға болмайды.