Экономикалық теория негіздері және құқық пәні бойынша:
4 аптанын 4 семинар сабағы
Такырыбы: Еңбек және отбасы құқығы негіздері.
1. Келесі сұрақтар бойынша жазбаша хабарламалар дайындау қажет:
1. Еңбек құқығы түсінігі, жүйесі;
2. Еңбектік құқықтық қатынастар;
3. Еңбек құқығының субъектілері;
4. Отбасы құқығы түсінігі, жүйесі;
5. Отбасы құқықтық қатынастар;
6. Неке және ерлі-зайыптық қатынастар;
7. Жұмыс уақыты мен тынығу уақыты;
8. Еңбек тәртіптемесі;
9. Еңбек даулары;
10. Отбасы;
11. Азаматтық хал актілері;
12. Қамқоршылық және қорғаншылық.
2. Тақырыпты пысықтау мақсатында келесі тест сұрақтарына жауап беріңіз:
1. Қандай жағдайда некені қалпына келтіруге болмайды?
A) дұрыс жауап жоқ;
B) егер біреуі шетелге кетсе;
C) егер ауырып қалса;
D) егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге тұрса;
E) барлығы дұрыс.
2. Қандай жағдайда әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды?
A) әйелдің жүктілігі кезіңде және бала туғаннан кейін бір жыл;
B) тек қана әйелдің жүктілігі кезіңде;
C) әйелдің жүктілігі кезіңде туғаннан кейін екі жыл;
D) әйелдің жүктілігі кезіңде туғаннан кейін үш жыл;
E) заңда қаралмаған.
3. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда татуласу үшін қанша мерзім беріледі?
A) төрт ай;
B) бір ай;
C) екі ай;
D) үш ай;
E) дұрыс жауап жоқ.
4. Некені сот тәртібімен бұзу мерзімі?
A) арыз берілгеннен 1 ай ішінде;
B) арыз берілгеннен 3 ай ішінде;
C) арыз берілгеннен 2 ай ішінде;
D) арыз берілгеннен 1 жыл;
E) бірден бұзылады.
5. Неке бұзу туралы шешім шығару кезінде қандай мәселелер шешеді?
A) қай жерде тұратындары;
B) балалардың қай мектепте оқитын;
C) мүлікті бөлуге жүргізуді;
D) балаларды асырауға алимент ата-аналарының қайсысынан алынатын белгілеуге;
E) бала тәрбиесі.
6. Сот хабар ошарсыз деп таныса қандай орган некені бұзу құқысы бар?
A) азаматтық хал актілерін жазу органдарында;
B) сот;
C) әкімшілік;
D) үкімет;
E) дұрыс жауап жоқ.
7. Некені бұзуға ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімі болмаған кезде қай орган бұзады?
A) азаматтық хал актілерін жазу органдарында;
B) әкімшілік;
C) үкімет;
D) сот;
E) барлығы дұрыс.
8. Неке және отбасы туралы заңында некені тоқтату қандай тарауда көрсетілген?
A) төртінші;
B) үшінші;
C) бесінші;
D) алтыншы;
E) дұрыс жауап жоқ.
9. Неке жасы дегеніміз не?
A) жиырма жасқа толу;
B) дұрыс жауап жоқ;
C) барлығы дұрыс;
D) адамның некеге тұру құқығына жеткен жасы;
E) кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай күйі.
10. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік кімнің меншігі болып табылады?
A) бірлескен;
B) кәмелетке толмаған балалар;
C) әйелдің;
D) күйеуінің;
E) дұрыс жауап жоқ.
11. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену,пайдалану,билік етуді кім жүзеге асырады?
A) әйелі жүзеге асырады;
B) ата-аналары;
C) күйеуі жүзеге асырады;
D) ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша;
E) балалардың келісімі бойынша.
12. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты қашан күшіне енеді?
A) барлығы дұрыс;
B) неке шартына қол қойғаннан бастап;
C) мемлекеттік тіркелгеннен бір айдан кейін;
D) мемлекеттік тіркелген күннен бастап;
E) дұрыс жауап жоқ.
13. Неке шартын жарамсыз деп кім таниды?
A) жергілікті әкімшілік;
B) ерлі-зайыптылар;
C) азаматтық хал актілерін жазу арқылы;
D) сот;
E) парламент.
14. Ерлі-зайыптылар арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда олар алимент өндіріп алу үшін қайда жүгінеді?
A) сотқа жүгінуге құқығы бар;
B) АХАЖ органдарына жүгінеді;
C) жергілікті атқару органына жүгінеді;
D) қорғаншы және қамқоршы органына;
E) патронат.
15. Алименттерді басқа қарсы талаптармен есептеуге бола ма?
A) қарызды өтеуге болады;
B) болады;
C) кейбір жағдайда болады;
D) болмайды;
E) заңда көрсетілмеген.
16. Баланың ата-ана мүлкіне және ата-ананың баланың мүлкіне меншік құқығы бола ма?
A) тек бала кәмелет жасқа толғанда пайда болады;
B) меншік құқығы болады;
C) олар келісім шартқа отырғанда;
D) меншік құқығы болмайды;
E) дұрыс жауап жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |