Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙТІН



Pdf көрінісі
бет398/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСІН КӨЗДЕЙТІН 
 МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ 
 
6-бап. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясаттың мақсаттары 
1.
Қазақстан Республикасының балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік 
саясатының мақсаттары: 
1)
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды 
кемсітушілікке жол бермеу; 
2)
балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін негізгі кепілдіктерін 
нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтіру; 
3)
бала құқықтары кепілдіктерінің құқықтық негіздерін қалыптастыру
баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тиісті органдар 
мен ұйымдар құру; 
4)
балалардың дене бітімі, интеллектуалдық, рухани және имандылық 
тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және 
бейбітшіл сезімдерді тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының 
қоғам мүддесі, мемлекет халықтарының дәстүрлері, ұлттық және әлемдік 
мәдениет жетістіктеріне қол жеткізуі үшін мүмкіндіктерін ашуға жәрдемдесу; 
5)
кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін 
қалыптастыру жөніндегі нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады. 


350
2.
Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат мемлекеттік органдар 
қызметінің басым саласы болып табылады және: 
1)
баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге; 
2)
балаларға толымды тәрбие беруді, олардың құқықтарын қорғауды, 
оларды қоғамда толымды өмір сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында 
отбасын мемлекеттік қолдауға; 
3)
аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың өмірін жақсартуға 
бағытталған мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеуге және 
сақтауға; 
4)
баланың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзғаны, оған зиян келтіргені 
үшін лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына; 
5)
баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі 
функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарды 
мемлекеттік қолдауға негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   394   395   396   397   398   399   400   401   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет