Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Педагогикалық қолдаудың мәні – оқушының ішкі күші мен қабілетіне



Pdf көрінісі
бет65/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Педагогикалық қолдаудың мәні – оқушының ішкі күші мен қабілетіне 
қарауға негізделген тұлғаның субъективтілігін қалыптастыру 
Тәрбиеленушінің ішкі күші мен қабілетіне қарауға негізделген тұлғаның 
субъективтілігін қалыптастыру бойынша педагогикалық қолдаудың мәні: 
- қолайлы психологиялық ахуал тудыру;
- жеке тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін жүзеге асыруға жағдай 
жасау;
-
өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалу және ұтымды нәтижеге жету 
жолындағы кедергілерді жеңіп шығу;
-
«жәрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық 
қарым-қатынасқа мұқтаж болғанның бәріне көмек көрсету;
-
тәрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген жеке 
тұлғаның проблемаларын өз назарында ұстай білуі;
-
тәрбиешінің кәсіби деңгейінің жоғары болуы.
Сондай-ақ, «қолдау» ұғымы субъектінің шешім қабылдауы үшін жағдай 
жасау арқылы ашылуы мүмкін:

ұрпақтар сабақтастығы «достық-доминанттылық» (А.А.Ухтомский); 


59

диалогтік қарым-қатынас (А.Г.Асмолов, М.М.Бахтин, Т.А.Флоренская 
және т.б.); 

тәрбиеленушілермен жеке-дара тұлғалық деңгейде өзара қарым-қатынас 
жасау; 

үлкендермен 
субъект-субъектілік 
қарым-қатынас 
жасау 
(Д.И.Фельдштейн); 

серіктестікке ықпалдастыру; 

жеке тұлғаның ішкі әлеуетін аша отырып, дамуының траекториялық 
бағытын қамтамасыз ету;

баланың жан дүниесін түсіну, даму ерекшеліктерін есепке алу негізінде 
психологиялық қауіпсіздікті және қорғанышты қамтамасыз ету (А.Маслоу, 
К.Роджерс); 

жеке тұлғаны дамытудан тұлғаның педагогикалық өзін-өзі дамыту 
құндылығына ауысуы (А.В.Суворов, Г.А.Цукерман); 

өзін-өзі өзгерту мақсатын қою және өзін-өзі түбегейлі өзгерту; 

маңызды ішкі әлеует потенциалды ресурстарды, мақсат пен 
құндылықтарды және оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін көре алуы; 

өз өмірінің сындарлы өзгерісінде өзінің шығармашылық, белсенділік 
рөлін ұғынуы. 
Оқытудың мәні – дүниетаным болса, ал тәрбиенің мәні – әлеуметтік және 
мәдени құндылықтар, адамгершілік нормалар мен қарым-қатынас екені белгілі.
Педагогикалық қолдаудың мәні – тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау,
өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі бағалау және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет