Баланың танымдық және шығармашылық іс-әрекетіне қатысуға
дайындығын, өзін-өзі дамытуын, өзін іс жүзінде көрсетуі үшін ашық
ақпараттық білімдік кеңістік жағдайда педагогикалық қолдау көрсету
Ғалым
В.И.Андреев
даму
мен
өзін-өзі
дамыту
процесінің
2 ерекшелігін атап өтеді: тұлғаның өзгерісі сырттан емес, оның өзіне-өзінің ішкі
мақсатқа бағытталған әсерінен болады; өзгерістер тек қана мотивте,
интеллектуалды, эмоционалды аймақта ғана болмайды, сондай-ақ, барлық
«өзіндік» процестерде жүреді: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі
жетілдіру, өзін-өзі өзектендіру, өзін-өзі басқару. Дамудікі сияқты өзін-өзі
дамытудың басты тетігі қарама-қайшылықты, тұлғаның біртіндеп күрделенетін
шығармашылық мәселені шешуі болып табылады.
Даму процесінің күрделілігі, қарама-қайшылықтылығы мен заңдылығы,
спираль түріндегі құбылыс болуы жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетінің
дамуын, оның өзінің алға қарай жылжуын өзі дайындайтын процесс деп қарауға
мүмкіндік береді. Бұл философияда «өзін-өзі алға ілгерілету», «өзін-өзі
дамыту» ұғымына сәйкес келеді. Тұлғаның өзін-өзі дамытуы өзін-өзі
ілгерілетуден сапалық сипатымен өзгешеленеді: ол ұйымдастырудың жоғары
деңгейге өтуімен қатар жүреді.
Өзін-өзі дамыту қажымас қайраттылықты, үлкен ерік-жігерлік күшті қажет
етеді.
|