Тұлғаның өзіндік процестерін қолдау (өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі болжау, өзін-өзі іс жүзінде көрсету және т.б.) Тұлға дамуы – өте күрделі, ұзақ мерзімді және қарама-қайшылықты
процесс. Біздің ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады.
Адам өміріндегі кез келген өтпелі кезеңнің өзіндік қиындықтары болады.
Тұлғаның бастауыш мектептен орта мектепке ауысуы – күрделі және жауапты
кезең, оның алдағы мектеп өмірі бейімделу процесінің өтуіне байланысты
қалыптасатын болады. Біздің міндетіміз – оларда болып жатқан жағдайларды,
алаңдататын, мазалайтын не екенін, қандай қиындықтар болатынын анықтау
және нақты қандай көмек көрсете алатынымызды білу.
Тұлғаның оқу-тәрбие процестеріне жылдам бейімделуіне орта буынға
өтуіне дейін пайда болған психологиялық проблемалар кедергі болады. Тұлғаға
бейімделудің күрделі кезеңінде көмек көрсету оның өзіндік тәрбиесі, тұлғалық
өсуі мен дамуы міндеттерін шешуге, сонымен қатар, мектепке бейімделе
алмаудың алдын-алуына әсер етеді.
Олай болса, өзін-өзі тәрбиелеу әрбір жеке тұлғаның белгілі даму деңгейіне
және өз қылықтарын басқаның әрекеттерімен саналы түрде салыстыра білуіне
байланысты.
Өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері:
өзіне-өзі міндет қоя білу;
өзіне-өзі есеп беру;
өз әрекетін өзі бағалау;
өз ісі мен әрекетін қадағалай алу.
Өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі басқару процесінде жүзеге асады. Бұл үшін әр
тұлғаның өз мақсатына сәйкес іс-әрекет жоспарын жасап, орындалуына
бақылау, бағалау қажет болса, реттеу, түзетулер енгізе білуі.
Жеке тұлғаның өз дербестігін тануы – оның саналы өмірлік бағдар, мақсат,
адамгершілік құндылықтар, кәсіп, тіршілік шарттарын таңдай білуімен
анықталады.
Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері:
өзін-өзі тану: өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау, өзін
өзгемен салыстыру және т.б.;
өзін-өзі меңгеру: өзін-өзі қадағалау, өзін-өзі билей білу, өзін-өзі
иландыру, өзін-өзі мәжбүрлеу және т.б.;
өзіндік ынталандыру: өзін-өзі бейімдеу, өзін-өзі жазалау, өзін-өзі
шектеу және т.б.
Сонымен,
өзін-өзі
тәрбиелеу
–
тұрақтанған
мұраттар
мен
наным-сенімдерге негізделіп, саналы белгіленген мақсатқа сәйкес жеке
тұлғаның өз тұлғалық сапа-қасиеттерін өзгертуге арналған педагогикалық
іс-әрекеті.
Алғашқы қадамда да, есейген шақта да жеке тұлғаға жауапкершілік сезім
баулуда көмек көрсету – тәрбиешінің аса маңызды міндеттерінің бірі.
Тәрбиеленушілерге өз қалауымен әрекет жасауға мүмкіндік бере отырып,
61
тәрбиеші көп жағдайда олардың өзін-өзі бақылау, өзіне-өзі баға қоюға деген
ықылас-ниет әрекеттеріне қолдау-қуаттау көрсетуі қажет.