Сурет-22. Педагогикалық қолдау жұмысының басым бағыттары Қолдаудың тактикасы: «қорғау» тактикасы, «көмектесу» тактикасы, «ықпал ету» тактикасы, «өзара әрекеттесу» тактикасы Педагогикалық қолдаудың мәнін ашуда «қамтамасыз ету», «көмек»,
«қолдау» сынды оған жақын ұғымдарды ашып беретін, оның айрықша
ерекшеліктеріне тоқталу қажет. С.А.Маркова бойынша қолдаудың басым
бағыттары:
білім беру траекториясын (басым бағытын) таңдауда оқушы мен оның
ата-анасына көмек беру;
тәрбие мәселесінде тәрбиеші мен тәрбиеленушіге көмек көрсету;
дамудың күрделі әлеуметтік және эмоционалдық мәселелерін шешуде
жеке тұлғаға бағыт нұсқау.