Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады


Дарындылықтың диагностикасы



Pdf көрінісі
бет215/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап
44076315
Дарындылықтың диагностикасы 
Кейінгі 
жылдары 
жоғары 
мектеп 
тәжірибесінде 
диагностикаға 
педагогтардың оқыту, тәрбиелеу және білім беру нәтижелерін өлшейтін арнайы 
қызметінің жүйесі ретінде қарауға көп көңіл бөлінуде. 
Дарындылық диагностикасы – балалардың жүйелі түрде меңгерген білім, 
іскерлік, дағдыларын анықтау, талдау және бағалау. Оқытудың нәтижелілігі – 
бұл диагностикалау кезінде көздеген мақсаттың жүзеге асу деңгейін көрсету 
дегенді білдіреді.
Дарынды балаларды анықтау – баланың дамуымен тығыз байланысты ұзақ 
процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес (мысалы, 
сынақтан өткізу). Дарынды баланы тәрбиелеу мен оқыту барысында біртіндеп, 
сатылап анықтау қажет. 
Дарынды балаларды анықтау мәселесі – білім беру ұйымдарындағы 
балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау мәселесі 
деп қарастырылуы қажет. Ол өз кезегінде дарындылық белгілері бар балаларды 
анықтап, олардың жетілуі мен әрі қарай дамуына қолайлы жағдайлар жасауға 
мүмкіндік береді. Бала дарындылығын немесе қандай да бір қабілетін анықтау 


194
мақсатында балалар психологтары Хоан мен Кафф ата-аналар үшін сауалнама 
ұсынады. Бұл сауалнама арқылы бала бойынан 8 қабілет анықталады: 

техникалық; 

музыкалық; 

зерттеу қызметі; 

әртістік; 

интеллектілік ерекшелігі; 

спорттық; 

әдеби; 

сурет салу. 
Психология 
саласында 
бала 
дарындылығының 
диагностикасы
2 деңгейде қарастырылады: теориялық және әдістемелік. 
Бірінші деңгей – 
теориялық
әдістерді өткізуге және өңдеуге арналған 
бағдарламаға қызмет ететін дарындылық тұжырымдамасын анықтайды. Бұл 
әдістердің нәтижесі болашақта әрбір баланы оқыту және дамыту мәселелерінің 
дидактикалық аспектілерін өңдеуге негіз болып табылады. 
Екінші деңгей – 
әдістемелік. 
Дарындылық концепциясының қабылданған 
мақсаты 
мен 
дарынды 
балаларды 
теңестіруге 
мүмкіндік 
беретін 
бағдарламаларды өңдейтін және дамытатын психологиялық-диагностикалық 
шаралардың алға қойған мақсатын сәйкестендіріп өңдейді және жинақтайды. 
Диагностика – оқу-тәрбие процесінің жемісі мен нәтижесі жөніндегі 
ақпараттарды алу үшін қолданылатын тәсілдер. 
Диагностика міндеттері: 

балалар дамуының барысы мен нәтижесін талдау (баланың білімге 
дайындығы, психикалық жетілу деңгейі, білім жолында ілгерірек қарқыны
және т.б.); 

оқу процесі мен оның нәтижесін талдау (сауаттылық көлемі мен 
тереңдігі, игерілгенді қолдану ептілігі, ойлау деңгейі, шығармашылық
іс-әрекетке қабілеті және т.б.); 

тәрбие процесі мен ондағы жетістіктерге талдау беру (тәрбиелік деңгейі, 
адамгершілік сенім-наным тереңдігі мен қуаты, адамгершілік мінез-құлық 
бітістерінің қалыптасу деңгейі және т.б.). 
Диагностика принциптері 63-суретте көрсетілді.
Диагностика принциптері: 
Ұзақ уақыттылық принципі.
Бала дамуының деңгейін анықтауға 
бағытталған психологиялық-диагностикалық зерттеудің ұзақ уақытқа созылуы.
Тренингтік әдістер мен тәсілдерді қолдану принципі.
Дарынды балаға 
дамытушылық ықпал ете отырып, оның психологиялық кедергілерін жоюға 
мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді үзбей пайдалану. 
Кешенді бағалау принципі.
Баланың қабілеттерін кең көлемде қамтуға 
мүмкіндік беретін, мінез-құлқы мен іс-әрекетін, интеллектуалдық қабілетінің 
даму деңгейін жан-жақты және кешенді сипатта бағалау. 


195
Жоғары санатты тәжірибелі мамандарды тарту принципі.
Баланың
бойындағы дарынды бағалауда ата-ана, педагог және психологты, сондай-ақ 
басқа да жоғары санатты тәжірибелі мамандарды тарту. 
Экологиялық әдіс диагностикасына сүйену принципі.
Баланың білімін, 
ойлауын, сезім еркінің бірлігін зертханалық жағдайда ғана айқындамай, 
«шынайы» жағдайдағы мінез-құлқын бағалау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет