Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет212/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

 
Ұлттың 
интеллектуалдық 
әлеуетін 
қалыптастырудағы 
«дарындылық» феномені 
«Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік бағдарламасында: «Ұлттың 
интеллектуалдық капиталы болып табылатындар: 
- әрбір жеке тұлғаның зияткерлік, моральдық, мәдени дамуы, кәсіби білімі 
мен біліктілігі; 
- жеке тұлғаның оң психологиялық, моральдық ерекшеліктері, ұлттық 
дәстүрлері; 
- жоғары кәсіби іскерлік, білімділік, тәрбиелік, патриотизм, азаматтық 
белсенділік, үлкен жауапкершілік, ержүректілік, әділдік, еңбексүйгіштік; 
- әлеуметтік ұжымда өзін-өзі ұйымдастыра, басқара алуы» деп 
көрсеткендей, бүкіләлемдік қоғамдастық аясында өзара байланыс орнату, 
тәжірибе алмасу, өндірісті жандандыру (өмірдің барлық саласында) ерекше 
қарқындылықпен жүзеге асырылуда. Бұл мақсатта мемлекеттің ойлау қабілеті 
жоғары мәселені қойып, оны шешудің тың жолын ұсына алатын адамдарға 
сұранысы артып отыр. Мұндай қасиеттер әдетте ерекше қабілетті, дарынды 
адамдарда болатыны белгілі.
 
Осыған байланысты, барлық әлем мемлекеттерінің әлеуметтік-
педагогикалық міндеттерінің бірі – дарынды балалар мен жастардың өзіндік 
ұлттық интеллектуалдық әлеуетті мүмкіншіліктерін жүзеге асыруға қолайлы 
жағдай туғызу. 
«Дарындылық» феноменін зерттеуге деген қызығушылық терең ғасырлар 
қойнауында (б.з.д. V ғасыр) жатыр, бұл «ерекше қабілеттерді қоғамдық және 
ғылыми танымның объектісі ретінде қараудың» дәлелі болмақ. 
Дарындылықтың құрылымын ұсынғандардың ішінен ең маңыздысы 
болып, белгілі американдық ғалым Дж.Рензуллидің үш шеңберлі моделін 
атауға болады. Бұл тұжырымдамада дарындылық үш бөлігінің бір-біріне тығыз 
қарым-қатынасы арқылы құралатыны айтылады (62-сурет).


192


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет