Қазақстан республикасы білім және ғылым министрілігі ұсынады



Pdf көрінісі
бет214/449
Дата09.02.2022
өлшемі8,96 Mb.
#131199
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   449
Байланысты:
тәрбие кітап

Д А Р Ы Н Д Ы Л Ы Қ
Тапсырмаға қызығу
(мотивация,
табандылық)
Интеллектуалдық
қабілеттіліктер
(орта деңгейден жоғары)
Шығармашылық 
қабілеттіліктер
(креативтілік)


193
Қазақстан – қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау 
саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл – 
Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы 
конвенциясы, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының 
Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын 
біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б. 
Дарынды балаларға арналған 3 тілде оқытатын мамандандырылған 
мектептердің желісі құрылған. Қазіргі кезеңде республикада 3 тілде оқытатын 
40 жуық мектеп жұмыс істейді. 
Қазіргі 
кезеңде 
республикамызда 
дарынды 
балаларға 
арналған
20 Назарбаев Зияткерлік мектептері жұмыс жасайды.
Ұлттық жоғары мектепте білім берудің әлемдік деңгейіне жету жөнінде 
шаралар қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім кеңістігіне енді, Болон 
Декларациясына қосылды, Астана қаласында әлемдік деңгейдегі беделді 
жоғары оқу орны – Назарбаев Университеті құрылды. 
Дарындылық және қабілеттілік түсініктерінің сипаттамасымен байланысты 
шығармашылық, талант, данышпандық сияқты феномендерге тоқталмауға 
болмайды. Шығармашылық – бұл жеке тұлғадағы қабілеттілік, мотив, білім 
дағдысының бар болуы.
Талант – қабілеттіліктің жоғары деңгейі.
Дарындылық – бұл бірдей өмір шартында қатарларымен салыстырғанда, 
үйрену мен оқуға аса жоғары қабылдаулары мен шығармашылық ерекше 
көрініс берулері. Бұл – тек ақыл-ой дамуының жоғары деңгейі ғана емес, 
сонымен қатар жеке тұлғаның дамуына бағытталған кейбір талап-мақсат, адам 
іс-әрекетінің кез келген әлеуметтік маңызды сферасында белгілі жетістіктерге 
жете алу қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   449




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет