Оқу-әдістемелік кешеннің міндеттері:
Тұлғаның зейін,қабылдау,есте сақтау,ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, көрнекі –бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
Оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көқарасы мен қызығушылығын,танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысын қалыптастыру;
Стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
Баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
Қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халық мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.
Бұл жинақты математика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда, даму сабақтарында , олимпиадалық тапсырмаларда, интеллектуалды ойындарда қолдануға болады. Құрал баланың ой - өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге де үйретіп, танымдылығын арттырып, әрі оларды сабақта жалықтырмауға бірден - бір себебін тигізеді. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындап, күрделеніп отырды.
Әрбір тақырыптың жекелеген сабақтарына орай келтірілген әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар – сабақта оқу – танымдық іс - әрекетті ұйымдастырудың әр алуан бағыттары мен жолдарын анықтауға, онда қолданылатын оқытудың негізгі әдіс - тәсілдерін сұрыптауға және таңдап алуға, сәйкес оқу материалының мазмұны мен түрлерін және солар бойынша ұйымдастыратын жұмысты саралап алуға мүмкіндік туғызады. Осының бәрі мұғалімнің күнделікті іс- тәжірибесінде нақты көмек көрсету арқылы, олардың кәсіби білігі мен дағдыларын шындай түсуі тиіс.
Жинақтың тиімділігі тапсырмалардың қиындауы, яғни күрделенуі, көлемінің артуы арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындау жылдамдығының арттырылуы және баланың математикалық тілінің дамуы.
Ал өзектілігі тұлғаның келесі сыныпқа дайын болуына жетелеуі. Берілген оқу әдістемелік құрал жас мамандарға, балаларға қосымша білім беретін ұстаздарға, ата-аналарға бірден-бір көмекші құрал.
Достарыңызбен бөлісу: |