Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілді


I I. Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұны



бет2/8
Дата06.09.2024
өлшемі390,02 Kb.
#203889
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

I I. Оқу-әдістемелік жұмыстың мазмұны
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу – әдістемелік жұмыс мынадай бағыттарды қамтиды:
1. ғылымның теориялық, әдіснамалық негіздерін, педагогика мен психологияның жетістіктерін, дүниетанымның, өзіндік жұмыстың , өзіндік білімнің іскерлігімен дағдысын қалыптастыратын, ақыл-ес және танымдық белсенділікті дамытатын тиімді әдістерді меңгеру;
2. білім беру саласындағы нормативтік құжаттармен танысу;
3. сыныптан тыс, мектептен тыс пәндік және тәрбие жұмыстарын оқытудың түрлі нысандары мен әдістерін және шығармашылық түрде меңгеру;
4. үздік, жаңашыл тәжірибені және оның идеяларын шығармашылық пен пайдалану, менеджменттің қызметтерімен және прогрессивті идеяларымен, инновацияларымен танысу;
5. оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және білім беру ұйымының педагогына практикалық көмек көрсетуг ебағытталған әдістмелік жұмыстың әртүрлі нысандарын дайындау және өткізу;
6. оқыту сапасына , оқыту жетістіктерінің деңгейіне, оқушылардың тәрбиесіне талдау жасау;
7.педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау рәсіміне белсенді түрде қатысу;
8. әдістемелік өнімді әзірлеу;
9. ағымдық, аралық бақылаудың қорытындыларын талқылау, оқушылардың білімінің, іскерлігінің, дағдысының сапасын талдау және нәтижелерд іжақсарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
10. педагогикалық тәлімгерлікті ұйымдастыру, еңбек жолын жаңа бастаған педагогикалық қызметкерлерге оқу сабақтар өткізу, оқу әдістемелік материалдар әзірлеу және оқудан тыс шаралар өткізу;
11. сабақтарға өзара қатысуды ұйымдастыру, ашық сабақтар өткізу және оларды талқылау, ғылым мен техника жетістіктерін, оқу-тәрбие жұмысындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені және оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, іріктеу және практикаға енгізу;
12. кәсіптік шеберліктен пәндер мен мамандықтар бойынша тақырыптық семинарлар, конференциялар және әдістемелік кеңестерді ұйымдастыру және өткізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет