Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру ережесі Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымдарында оқу – әдістемелік жұмысты ұйымдастыру осы Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-бабы 25) тармақшасына сәйкес және білім беру ұйымдарымен тиісті инфрақұрылымдарда оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру үшін әзірленген.
2. Осы Ереже білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта жалпы білім беретін оқубағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын, орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгікәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу – әдістемелік жұмыстарды реттейді.
3. Ғылыми және оқу – әдістемелік жұмыс ғылым мен білімді интеграциялау, оқу және тәрбие үдерісін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, білім беру ұйымдарында және тиісті инфрақұрылымда педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
4. Білім беру ұйымдарындағы оқу – әдістемелік жұмыстың міндеттері: - білім беру бағдарламарын іске асыруды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету; - білім беру үдерісінің қолданыстағы технологияларын, әдістерін, құралдары мен нысандарын әзірлеу, енгізу және жетілдіру; - педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасызету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру болып табылады. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмысқа басшылық жасау: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруұйымдарында аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттеріне; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында облыстық (қалалық) білім департаменттерінің әдістемелік кабинеттеріне, жоғары оқу орындарында құрылымдық бөлімшелерг ежүктеледі.
5. Оқу-әдістемелік жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарына, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.