Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілді


Әдістемелік бірлестік жетекшісінің қызметтік нұсқауы



бет3/8
Дата06.09.2024
өлшемі390,02 Kb.
#203889
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Әдістемелік бірлестік жетекшісінің қызметтік нұсқауы
І. Жалпы ереже
1.1. Нұсқау Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Білім туралы» заңы мен «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, жалпы орта және қосымша білім беру жүйелерінің педагогика қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларына» сәйкес жасалған.
1.2. Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім мәселелері бойынша қаулыларын, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым минисрлігінің, облыстық, қалалық білім беру органдарының бұйрықтары мен нұсқауларын, шешімдерін басшылыққа алады.
1.3. Әдістемелік бірлестік пән бойынша мұғалімдер саны 5 – тен кем емес жағдайда немесе бірнеше жақын пәндер бойынша құрылады.
1.4. Әдістемелік бірлестік жетекшісі кәсіби жоғары білімді, біліктілігі бірінші немесе жоғары, педагогикалық жұмысы 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар педагогикалық қызметкер директор бұйрығымен тағайындалады.
1.5. Әдістемелік бірлестік жұмысын жетекші басқарады, өзі болмаған жағдайда хатшысы басқарады.
1.6. Әдістемелік бірлестік жұмысына жалпы бақылауды белгілі бір пән немесе цикл үшін жалпы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.
1.7. Әдістемелік бірлестік құру, қайта құру қызметін таңдауды ғылыми жұмыс немесе оқу –тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен директор жүзеге асырады.
1.8. Әдістемелік бірлестіктің барлық қызметі педагогикалық талдау, бірлестіктің ағымдық және алдағы жұмысын осы құжатқа және мектептің даму бағдарламасына сәйкес жоспарлау негізінде іске асырылады.
1.9. Әдістемелік бірлестік жетекшісі бірлестік мүшелерінің ұжымдық жұмыстың әр түрлі формаларына белсенді қатысуын қамтамасыз етеді, жұмысты басқа мектептердің әдістемелік бірлестіктерімен, қалалық(аудандық) әдістемелік кабинетінің әдіскерлерімен байланыстыра ұйымдастырады.
1.10. Әдістемелік бірлестік жетекшісі директордың оқу-тәрбие ісі, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарлары мен директорға тікелей бағынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет