Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілді



бет7/8
Дата06.09.2024
өлшемі390,02 Kb.
#203889
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Оқу әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Сабақты өзіндік талдау

  1. Сабақтың жалпы құрылымын бағалау:

Бұл өткізілген сабақ сабақтың қандай түріне жатады?
Бұл сабақтың бөлім, тарау, тақырып ішіндегі орны қандай?
Осы үлгідегі сабақтардың элементтері нақты ашылған ба?

  1. Сабақтың дидактикалық мақсатын жүзеге асыру:

Тақырыптың бағдарлама талаптарына сәйкестігі Жаңа материалды түсіндірген кезде оқушылар қаншалықты белсенді болды (қабылдауы, түсінуі, танымдық қызығушылықтың оянуы)? Жаңа материалдың жеке «бөліктерінің» ашылу жолдары дұрыс таңдалды ма? Жаңа материалды оқыту кезінде нені өзгертуді қажет етті және қалай? Алғашқы, жалғасқан бекіту өз орнын таба алды ма? (сабақтың арнайы таңдалған кезеңінде жаңа материалды түсіндіру барысында бекіту орын алды ма?) Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейінің сапасы қалай бағаланды (оқушылардың қамтылуы қаншалықты, тақтаға шығару принципі т.б.)?

  1. Оқыту үрдісінде оқушылардың дамуын жүзеге асыру:

Оқушылардың ойлау операцияларының негізінен (талдау, синтез, жалпылау, топтастыру, жүйелеу) қамтылуы орын алды ма? Пәннің ішінде және пән аралық байланыс құру жүзеге асырылды ма? Шығармашылық ойлауды дамыту әдістері қолданылды ма? Оқушылардың жалпы дамуына қатысты қандай да бір ақпарат орын алды ма?

  1. 4. Сабақ барысында тәрбиелеу.

Оқу материалының мазмұнындағы барлық тәрбие мүмкіндіктері қолданылды ма? Оқушылардың дүние танымын қалыптастыруда қандай жұмыс жүргізілді? Сабақта оқытудың өмірмен байланысы қалай жүзеге асырылды? Мұғалім тұлғасының тәрбиелік әсері қандай болды?

  1. Дидактиканың негізгі принциптерін сақтау.

Оқытудың принциптерін жүзеге асыруда мұғалімнің іс – әрекеті мен оқушы іс – әрекеті дұрыс ұйымдастырылды ма?

6.Оқыту әдістерін таңдау.
Оқытудың әдістерін таңдауда жалпы талаптар ескерілді ме (дидактикалық мақсаты, оқу материалының спецификасы, пәннің, оқушының жас ерекшелігі мен жеке қабілеттерінің жалпы мақсаттық бағытылыққа байланысы т.б.)?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет